September 17

﴾Олай болса, қолдарыңдағы дүние-мүліктен Аллаһ жолында жұмсаңдар және (сараңдық қылып) өз бастарыңды қауіп-қатерге тікпеңдер﴿.

(Дұшпанмен соғысу шығынсыз болмайды. Дұшпанға төтеп бере алу үшін алдымен қару-жарақтарың сақадай сай болуы керек). Олай болса, қолдарыңдағы дүние-мүліктен Аллаһ жолында жұмсаңдар және (сараңдық қылып) өз бастарыңды қауіп-қатерге тікпеңдер. Әрдайым жақсылық жасаңдар, істеріңді барынша тиянақты етіп істеңдер. Шүбәсіз, Аллаһ ізгі жандарды жақсы көреді﴿. «Бақара» сүресі, 195-аят.

Тура жолдың имамы болған Имам Әбу Мансур әл-Матуриди әл-Ханафи (һ. 333 ж.қ) - Аллаһ оған разы болын - өзінің әйгілі «Тәуиләт әһли әс-сунна» тәпсірінде аяттың түсіндірмесінде айтты:

Аяттың бірнеше түсіндірмесі бар:

  1. Бұл — жиһад жолында мал жұмсауға шақыру. Өйткені әр адам өз қажетіне дүние жұмсаудың маңызын біледі. Ал Аллаһ жолында мал жұмсамау — өзін қауіп-қатерге итеру деген сөз (яғни, адам өз қажетіне ақша жұмсамау — өзін құрдымға итеру екенін біледі. Ал Аллаһ жолында (жиһадқа не муджаһедтерге көмекке) дүние жұмсамау — үмбеттің құлдырауы сияқты одан да ауыр апатқа соқтырады).
  2. (сараңдық қылып) өз бастарыңды қауіп-қатерге тікпеңдер﴿ – бір күнә істеп, одан кейін Аллаһтың мейірімінен күдер үзбеңдер.
  3. қолдарыңдағы дүние-мүліктен Аллаһ жолында жұмсаңдар﴿ – ертең дүниесіз қаламын деп қорықпай, уақытында жұмсаңдар. Өйткені Аллаһ жұмсағандарыңның орнын толтырады.
  4. қолдарыңдағы дүние-мүліктен Аллаһ жолында жұмсаңдар﴿ – серіктеріңді (мұсылмандарды) көмексіз қалдырмаңдар, оларға мал бермей және жорыққа дайындамай қойып ﴾(сараңдық қылып) өз бастарыңды қауіп-қатерге тікпеңдер﴿.
  5. қолдарыңдағы дүние-мүліктен Аллаһ жолында жұмсаңдар﴿ – садақа беріңдер. Себебі садақа – тәндерің мен жан дүниелеріңе өмір береді.

Әрдайым жақсылық жасаңдар﴿ деген сөздің де бірнеше түсіндірмесі бар:

  1. Жақсылық – серіктеріңе жәрдем және садақа беру.
  2. Жақсылық – мал жұмсағанда Аллаһқа деген жақсы ойда болу.
  3. Жақсылық – ғазаутқа шыққанда Раббыңа сеніммен шығу.
  4. Сондай-ақ ﴾жақсылық жасаңдар﴿ – «Исламды қабылдаңдар» деген мағынаны да білдіреді.

Шүбәсіз, Аллаһ ізгі жандарды жақсы көреді﴿ – яғни иман келтірген мүміндерді жақсы көреді».