June 16

«Дәл солай, уаһабилер адамдарды үнемі таухидке шақырады, бірақ сонымен бірге олардың өздері таухидке мүлдем қатысы жоқ».

Мухаммад ибн Абдул-Уаһабтың кезінде өмір сүрген ханбали мәзһабының ғұламасы Ибн Дәут әл-Ханбали уаһабилерге қарсы жазған әйгілі «ас-Саууғиқу уә ар-Руғуд» (62 бет) кітабында айтты:

«Сондай-ақ, Аллаһқа ант етемін, біз шейх Абдуллаһ ибн Иса Әл Мусадан артық бидғатшыларға дұшпандық танытатын, оларды жек көретін және үлкенді, кішілі ширкке апаратын нәрселерге аса сақтықпен қарайтын адамды өз заманымызда көрген де, естіген де жоқпыз. Бұған мысал ретінде ол мубәрәк Шамнан келген кезінде елінде көргенін келтіруге болады: Ибн Хасан есімді бір салиқалы адамның бейітінен әйелдер мен надандар топырақ алып, жарақаттарына басып Аллаһтың қалауымен жазылатын. Ол дереу сол қабірге барып, сол қабірді және қасындағы басқа да қабірлерді жермен жексен етіп, қоршаумен қоршауды бұйырды.

Бидғатпен солай күрескеніне қарамастан, Ибн Абд әл-Уаһабтың күнделікті сөздерінің көпшілігі Муса әл-Ханбалиге деген балағат сөздері мен қарғыстарынан тұрады. Ол жиі және рахаттана былай дейтін: «Перғауынның күпірлігі Муса әл-Ханбали жан-ұясының жасаған мыңдаған күпірлігінің бір бөлігіне де жетпейді». Алайда оның бұл сұмдық айыптауына мүлде дәлел жоқ, тек Муса әл-Ханбали оның (яғни, ибн Абдул-Уаһабтың) бидғатшыл мәлімдемесімен келіспейтіндігі және өзінің қарапайым құмарлығының талаптарын соқыр ермеген фактіден басқа. Негізінде, ибн Абдул-Уаһаб өзімен келіспейтін адамға дұшпандық қылады, өлтіреді және кәпір деп жариялайды.

Бұл тұрғыда ол өзінің туысы, қайын ағасы және көршісі Нәждә әл-Харуридің (хауариждердің көсемдерінің бірі) жолын ұстанды.

Имам Ибн Таймия (осындай адамдар туралы): «Төртінші топ - яғни харижилердің негізгі топтарынан - Нәждилер, Нәждәның ізбасарлары. Олар: мұсылмандардың Имамы (яғни, әміршісі) болуға қажеттілік жоқ, қажет болса, оны тағайындауға болады. Олар өз қарсыластарына тәкфир жасауда азракилермен келіскен», - деп жазды».

«Дәл солай, уаһабилер адамдарды үнемі таухидке шақырады, бірақ сонымен бірге олардың өздері таухидке мүлдем қатысы жоқ. Олар тек қана таухид туралы айтады, тіпті олардың барлық сөздері мен мәлімдемелерінің оннан тоғызы: «Таухид, таухид» деген сөздерден тұрады, бірақ сонымен бірге олардың шынайы таухидке еш қатысы жоқ».

Және сол кітаптың 67 бетінде Ибн Дауд әл-Ханбали айтты:

«Пайғамбарымыз ﷺ асыл хадисте мұның тек әділ халифалар заманындағы бұрынғы хауариждер туралы ғана емес екенін түсіндірді. Сондай-ақ Сахлдан келген хадисте ол кейін шығатын хауариждер Ирактан шықпайтынын айтып, оларды (яғни, алдын болған хауариждерді) құлшылықта ынталы адамдар деп сипаттады.

Ал кейін шығатын хауариждер жасы жас, түсініктері тар деп сипаттап, олардың шығыстан шығатынын айтты. Пайғамбарымыз ﷺ дұрыс айтты – ол сипаттаған нәрсе хауариждердің екі тобында да табылды (хауариждерді екі топқа бөліп қарастырамыз: сахабалар кезіндегі хауариждлер, олар құлшылықта қатты болды және кейін шығатын хауариждер, олар жастар және түсініктері тар болады. Яғни, күніміздегі уаһабилер).

Имам Ибн Таймия ﷺ (кейін шығатын хауариждер айтылған) Шығыс пен Батыс туралы хадистерді келтіргеннен кейін былай деді: «Мәдинаның шығысына Бахрейн кіреді және ол жерден Мусайлима кәззәб шықты».

Және Ибн Абд әл-Уаһаб Мусайлима кәззәб шыққан жерден шықты».

Бұл әл-Ямама деген жер, кезінде осы жерде Мусайламма кәззәб өмір сүрген жер және дәл осы жерден ибн Абдул-Уаһаб шықты. Хадисте кеінгі харажилер осы жерден шығатыны туралы айтылған.