Әйелдің үйіндегі кәсіппен айналысуына күйеуі тыйым сала алады ма?
Ибн Әбидин өзінің хашиясында (10\571) айтты:
«Мен (яғни, ибн Әбидин) айтамын: «Олардың «ер адам әйелінің жіп иіруіне тыйым сала алады» деген сөзі – әйелдің өзі үшін жіп иіруін де қамтиды.
Егер (тыйым салудың) себебі – түнде ұйықтамау және сұлулығына зиян тигізу болса¹, онда күйеуі оған соған апаратын істерге тыйым сала алады, бірақ оған апармайтын жеңіл істерге емес.
Ал егер тыйым себебі – әйелдің табыс табуы болса, ол жайында бұған дейін айтылған: кейде әйелдің күйеуі сатып әкелуге міндетті емес нәрселерге мұқтаж болуы мүмкін.
Мұндағы мәні – күйеуі әйеліне кез келген істі істеуге тыйым сала алады, егер ол іс күйеуінің ақысына нұқсан немесе зиян² келтіретін болса.
Ал енді күйеуіне еш зияны тимейтін жұмыс болса, оған (әйеліне) тыйым салудың шариғи негізі жоқ, әсіресе күйеуі үйде жоқ кезде. Өйткені әйелді үйде бос отыруға қалдыру – нәпсі мен шайтанның азғыруына, немесе бөтен ер адамдармен және көршілермен бірге қажетсіз, мәнсіз нәрселермен айналысуына алып келді».
¹Яғни, әйелдің өзін тым шаршатуы, көркін төмендететін тірліктерге беріліп кетуі.
²Мысалы, әйелдің күйеуінің алдындағы негізгі міндетін орындамауы немесе оның абыройына, мүлкіне зиян тигізу.