Хайыздағы әйел (хайыз себепті) қаза болған оразасының қазасын өтейді, бірақ намаздарының қазасын өтемейді. Хикметі не?
СҰРАҚ:
Хайыздағы әйел (хайыз себепті) қаза болған оразасының қазасын өтейді, бірақ намаздарының қазасын өтемейді. Хикметі не?
ЖАУАП:
Адам ата мен Хауа анамыз қателік себепті жәннәттан шығарылып мына дүниеге түскеннен кейін, Хауа анамыз алғашқы рет қан көреді. Хауа анамыз Адам атадан (не істейтіндігін) сұрағанда, Адам ата: «Білмеймін», - деп жауап береді. Сонда Аллаһу Тағала Адам атаға (әйел қан көргенде) намазды тоқтату туралы уахи түсірді. Қан тоқтағаннан кейін Хауа анамыз Адам атадан қайтадан (не істейтінін) сұрайды. Адам ата: «Білмеймін», - деп жауап береді. Сонда Аллаһу Тағала «намаздың қазасы жоқ» деп уахи түсірді. Кейін Хауа анамыз ораза кезінде қан көріп, Адам атадан (не істейтіндігін) сұрайды. Адам ата намазға қияс жасап: «Оразаны тоқтатап және кейін қазасын өтемейді» деп пәтуә береді. Адам ата Аллаһтың әмірінсіз пәтуә бергендіктен, Аллаһу Тағала Хауа анамызға оразаның қазасын өтеуді бұйырады.
Солай «әл-Бахру ар-Райқ» кітабы «аз-Заһирия» кітабынан келітреді.
Шейх Абдул-Хәй әл-Ләкнәуй әл-Ханафи әл-Матуриди әл-Һинди бұл қиссадан алынатын пайдаларды айтады:
1. Әйел адам қандай-да бір іске жолықса, Хауа анамыз секілді әрдайым күйеуінен пәтуә сұрап отыру керек.
2. Муфти өркөкірек болып, мәселеге өз ойынан жауап бермеуі керек, бәлки Адам атамыз секілді «білмеймін» деп, өзінің білімсіздігі мен әлсіздігін көрсету керек. Дәл солай біздің Имамымыз Әбу Ханифа «бала сүндеттеу жасы қанша» деген мәселеде «Мен білмеймін» деп жауап беретін.
3. Адам ата оразаны намазбен қияс жасап қателескені секілді, муджтаһидтерде кейде дұрыс, кейде қате жауап береді. Бұл біздің сеніміміз.
4. Егер құл өз Раббысына қайшы келсе, онда Аллаһу Тағала құлын өзіне қиын болған нәрсемен жазалайды. Қарашы, Адам ата Аллаһтың әмірін күтпестен өз ойымен қияс жасап еді, Аллаһу Тағала Адам атаның (жеңіл) пәтуасына қарама-қайшы әмір етіп, Адам атаның қыздарына (яғни әйелдерге) қандай қиындық берді.
Шейх Абдул-Хәй әл-Ләкнәуй әл-Ханафи әл-Матуриди әл-Һинди, «Фәтәуә әл-Ләкнәуийә», 414 бет