Сенім тұрғысынан міндеттелмеген, тіпті пікір білдірмей тоқтаған абзал болатын мәселелер.
Ауғанстанның Герат шаһарында орналасқан «Дарул-Улум» медресесінің хадис ұстазы шейх Нур Ахмад Исламжар әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің «Муғтамад мә турид мин муғтақид мә турид» кітабының кіріспесінде Аллһқа мадақ пен Пайғамбарға ﷺ салауат айтқаннан кейін былай дейді:
«Ары қарай: Бұл – әһли сүннет уәл-жамағаттың сенім негіздері туралы баяндама. Ол Ислам үмметінің фаһихһ ғалымдары саналатын имам Әбу Ханифа ән-Нуғман ибн Сәбит әл-Куфи, имам Әбу Юсуф Яқуб ибн Ибраһим әл-Ансари, имам Мухаммад ибн әл-Хасан әш-Шайбани және солардың жолын ұстанған ханафи мәзһабының фақиһтері мен Матуриди сенім мектебінің кәләм ғалымдарының көзқарасына негізделген. Аллаһ олардың барлығына разы болсын. Бұл мәтінде олар «діннің негіздері» деп білген нәрселер, сондай-ақ олармен Раббыларына құлшылық ететін сенім жүйесі баяндалады».
Аталмыш еңбекте (130 бет) «Сенім тұрғысынан міндеттелмеген, тіпті пікір білдірмей тоқтаған абзал болатын мәселелер» атты шағын тарау ашып, айтты:
¹Жалпылай айтқанда, кейбір ғалымдар айтқандай, бұл мәселені қозғау әдепке сай келмейді, сондықтан оны мүлдем қозғамаған дұрыс. Бұл — надандықты арттыратын немесе қабірде сұралатын мәселелерден емес. Сондықтан мұндай мәселелерде сөйлемеуді таңдау – жақсырақ әрі қауіпсіз.
²«Фәтәуә Хаққания» (1\165) кітабында былай делінеді: «Қызырдың (оған Аллаһтың игілігі болсын) тірі болуы немесе қайтыс болуы — бұл ақидаға (сенімге) қатысы жоқ, шариғи үкім емес. Егер кімде-кім оның тірі екендігіне дәлел келтірсе, ол өзінің сенімі жағынан айыпталмайды. Сондай-ақ егер біреу оның қайтыс болғанын айтса, оған да айып жоқ. Алайда, дұрысырақ көзқарас – оның қайтыс болуы, өйткені «әл-Бахр әл-Мухит» кітабында солай келтірілген: «Ғалымдардың көпшілігі оның өлгеніне келіседі».
Дегенмен кейбір әулиелердің Қызырмен жолыққаны туралы хабарлар бар. Мәуләнә, қазы Сәнә-Уллаһ Бәни былай деген: «Бұл мәселенің шешімі екінші мыңжылдықтың дін жаңартушысы (имам Раббани) айтқан сөзінен басқа жолмен шешілмейді. Ол кісі Қызырдың тірі немесе өлгені жайлы сұралғанда, бұл мәселені Аллаһу Тағалаға тапсырып, Оның көмегіне жүгініп дұға етті. Сол кезде ол Қызырды көзімен көрді. Сосын одан: “Сіздің жағдайыңыз қандай?” – деп сұрады. Хазыр былай деп жауап берді: «Мен де, Ілияс та тірі емеспіз. Бірақ Аллаһ Тағала біздің рухтарымызға тәндік бейне алатын күш берді. Біз сол арқылы тірілердің істерін орындаймыз». Бұл – «Тафсир әл-Музһари» тәпсірінде келтірілген».