May 26

«Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Аласапыран кезіндегі ғибадат маған һиджра жасау сияқты».

Мәғқил ибн Ясар риуаят еткен хадисте: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Аласапыран кезіндегі ғибадат маған һиджра жасау сияқты». Хадисті Муслим риуаят етті.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 5391) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(Мәғқил ибн Ясар риуаят еткен хадисте) ол ағаштың астында байғат бергендердің бірі. Ол Мизниден болды және Басрада тұрды, сондықтан шығу тегін сол жаққа жатқызды. Ол Ибн Зиядтың кезінде қайтыс болды. Муғауия заманында қайтыс болған деп те айтылған, («Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Аласапыран кезіндегі) яғни, қатты фитна заманындағы, мұсылмандар бір-бірімен соғысатын уақыттағы (ғибадат) яғни, ғибадатқа тұрақты және ғибадаты жалғасымды болумен оның сауабы (маған һиджра жасау сияқты) яғни, Меккенің фатых қылғанға дейін. Кімде-кім Аллаһ және Оның Елшісі үшін һиджрат қылса, оның һиджраты Аллаһ және Оның елшісі үшін болады. Осыған ұқсас: «Бейқамдардың арасында Аллаһты еске алушы адам, жаудан қашқан қашқындар арасында шегінбестен жаумен ұрысын жалғастырған сабырлы сияқты». (Хадисті Муслим риуаят етті) және Ахмад, әт-Термизи мен ибн Маджа риуаят етті».