Құрамында желатин бар өнімдерді тұтыну рұқсат па?
Тексерген: шариғат бөлімнің маманы Абдулла Х.Д.
Бізден желатиннің өзі рұқсат па және құрамында желатин бар өнімдерді тұтыну рұқсат па деп жиі сұрайды. Бұл мақалада біз бұл сұраққа жауап береміз. Сонымен, алдымен желатиннің не екенін анықтайық.
Аспаздық сөздік желатинге келесідей анықтама береді: «Жануарлардың сүйектері мен шеміршектерінің жабысқақ заттарының сығындысы, ас пісіруде желе, аспик, бланцманж, кисельді тез дайындау үшін қолданылады» (Кулинар сөздігі, Зданович Л.И., 2001).
Ал, энциклопедиялық сөздіктегі тағы бір анықтама: «ЖЕЛАТИН (латын тілінен аударғанда gelatus - мұздатылған - қатып қалған) коллагеннің денатурациясының өнімі - дәнекер тінінің ақуызы. Оны сүйектерді, шеміршектерді, сіңірлерді қайнату арқылы алады (ең тазасы балық шеміршегі). Ол тамақ өнеркәсібінде, фото эмульсиялар алу үшін, микробиологияда микроорганизмдерді өсіру ортасы ретінде және ағаш желім ретінде қолданылады» (Үлкен энциклопедиялық сөздік, 2000).
Анықтамалардан түсінуге болатындай, бұл жануарлардың дәнекер тінінен: теріден, шеміршектен және сүйектерден алынатын ішінара өзгертілген коллаген ақуызы. Қазіргі заманғы өндірісте желатин әдетте шошқадан, сиырдан немесе балықтан алынады.
Желатиннің әрбір нақты түріне қатысты шариғат шешімдеріне тоқталмас бұрын, желатиннің қалай өндірілетінін және бастапқы заттан басқа түрге айнала ма, жоқ па, соны түсіну керек.
Неліктен желатинді өндіру кезінде харам болған нәрсе өзінің асылынан басқа нәрсеге өзгереді («қалбу әл-махия») деп санауға болмайды?
Желатин — малдың сүйегін, терісі мен шеміршегін қайнату арқылы алынатын ақуыз заттардьң қоспасы. Желатин жылы суда жақсы ериді, ал салқындағанда қою дірілдек тәрізді қоспаға айналады.
Ханафи мәзһабында таза болмаған (нәжіс) толықтай өзгеріске ұшырау арқылы («қалб әл-мәхия») таза нәрсеге айналады деген қағида бар және бұл ереже барлық нәрсеге қатысты.
المحيط البرهاني للإمام برهان الدين ابن مازة — (ج 1 / ص 390
وفي «نوادر إبراهيم» عن محمد في حمار وقع في الملاحة ومات وترك حتى صار ملحاً أكل الملح، وقال أبو يوسف: لا يؤكل، وكذلك رماد عذرة أحرقت وصلى عليه على هذا الاختلاف، وحكى أبو عصمة: خشبة لو أصابها بول فاحترقت ووقع رمادها في بئر قال أبو يوسف رحمه الله يفسد الماء، وقال محمد رحمه الله: لا يفسد.
Теориялық түрде егер желатинді өндіру барысында желатин алынатын негізгі өнім толықтай өзгерсе (тіпті шошқа терісі), онда желатин рұқсат болар еді. Бірақ желатинді өндіргенде (желатин алынатын нәрседе) толыққанды өзгеріс болмайды, тек қана аздап (сыртқы) құрылымында ғана өзгеріс болады. Ал негізгі құрамы еш өзгеріссіз қала береді.
Желатин - ол жәй ғана ыссы суда ерітілген коллаген. Желатинді өндіргенде терінің ішкі қабатынан басқасының бәрін жояды: ет, жүн, нервы және тағы басқасын. Сосын терінің ішкі қабатын ыссы суға ерітеді. Осы өндіру процестерінен өткеннен кейін де коллаген еш өзгеріссіз өз қалпында қала береді.
Егер кориум (терінің ішкі қабаты) 95 пайыз коллагеннен тұрса, ал малдың өзі нәжіс болса (шошқа немесе шариғат сай сойылмаған мал), онда ол малдың терісінің 95 пайызы нәжіс деген сөз. Бұл (нәжіс малдың коллагені) таза болмаған нәрсені қайнату арқылы да құрамы өзгермей, сол қалпында қала береді деген сөз. Коллаген суға ерітіліп, қатты қайнату арқылы желатинге айналады. Яғни желатинді өндірудің негізгі тәсілі, бір нәрсені суға қатты қайнату. Шариғат бойынша нәжіс нәрсені суға қатты қайнатумен құрамы толыққанды өзгермейді. Қайнату арқылы нәжіс тазаратын болса, онда қайнатылған шошқа етінен жасалған шошқа сорпасы да халал болар еді. Сондықтан желатинді өндіру барысында асыл болған нәрсе толыққанды өзгеру процесіне түспейді.
Осылайша, толық өзгеріс болмағандықтан, желатинді жеуге болады ма, жоқ па деген сұрақ бастапқы затты жеуге бола ма, жоқ па деген сұраққа барып келеді. Желатин әдетте шошқалар мен сиырлардан, сирек жағдайда балықтан алынады. Әр түрді бөлек қарастырайық.
Шариғат бойынша балықты тамаққа қолдану үшін арнайы бауыздау шарт болмағандықтан, балықтан өндірілген желатинді қолдану - асылында рұқсат.
(وحل الجراد) وإن مات حتف أنفه، بخلاف السمك (وأنواع السمك بلا ذكاة) لحديث «أحلت لنا ميتتان: السمك والجراد، ودمان: الكبد والطحال» بكسر الطاء
Балықтан алынған желатин Ресей нарығында өте сирек кездеседі, бірақ Батыс елдерінде бұл өңім өте кең тараған. Бұл ең қымбат және ең таза желатин, сондықтан дүкендерде ол өнімді арнайы іздейтін мұсылмандарға, иудейлер мен песок-вегетарианстарға қораптарына желатин балықтан алынған деп арнайы жазып қояды. Егер сіз қандайда бір өнімнің сыртындағы құрамынан «желатин» деген жазуды көрсеңіз, онда бұл балықтан алынған «желатин» деп ойлаудың негізі жоқ (өйткені өте сирек кездеседі).
Айта кету керек, балық желатині негізінен халал болғанымен, құдайдан қорқатын адам желатинді өндіруге арналған жабдықтардтың таза болуын және ол жабдықтарда нәжіс еттердің іздері болмауын мұқият қадағалауы керек (көбінесе әртүрлі жануардан желатин өндіретін мекемелер сияқты). Бұған арнайы «Халал» таңбалауы арқылы ғана кепілдік беруге болады, дегенмен біз мұндай таңбаланбаған барлық балық желатиніне тыйым салынған деп айтпаймыз: керісінше, бұл негізінен рұқсат етілген деп айтамыз.
Шошқадан алынатын желатин Еуропада ертедең тараған үрдіс. Шошқаның барлық мүшесі нәжіс болып есептеледі («нәжәс әл-айн»), сондықтан желатинді шошқаның қай мүшесінен алынғандығы маңызды емес: оның барлық мүшесі - нәжіс. Егер шошқаны шариғат бойынша бауыздаса да, оның қылтығы мен терісі бәрібір таза нәрсеге айналмайды.
بدائع الصنائع في ترتيب الشرائع (1/ 63)
(وأما) الخنزير: فقد روي عن أبي حنيفة أنه نجس العين، لأن الله تعالى وصفه بكونه رجسا فيحرم استعمال شعره وسائر أجزائه، إلا أنه رخص في شعره للخرازين للضرورة.
وروي عن أبي يوسف في غير رواية الأصول أنه كره ذلك أيضا نصا ولا يجوز بيعها في الروايات كلها، ولو وقع شعره في الماء القليل، روي عن أبي يوسف أنه ينجس الماء، وعن محمد أنه لا ينجس ما لم يغلب على الماء كشعر غيره.
وروي عن أصحابنا في غير رواية الأصول أن هذه الأجزاء منه طاهرة؛ لانعدام الدم فيها، والصحيح أنها نجسة؛ لأن نجاسة الخنزير ليست لما فيه من الدم والرطوبة بل لعينه
Сондықтан, қандайда бір шошқаның мүшесінен (терісі, сүйегі немесе қылтығынан) алынған желатин - рұқсат емес.
Сиырдан/бұқадан алынатын желатин
Ислам шарттары бойынша сойылған сиыр (бұқа), тамақ ретінде қолдануға болатын жануар болып есептеледі. Егер сиыр (бұқа) шариғат бойынша сойылса, оның қай мүшесінен болсын алынатын желатин: тері немесе сүйектен алынған желатинді қолдану рұқсат. Қазіргі сәтте Ресейде бұл өнімді (сиыр желатинін) жаппай өндіріп жатқан ешкім жоқ, бірақ шетел комитеттермен соғылған «халал» мөрі бар шетелдік өнімдерден табуға болады.
Егер мал (сиыр, бұқа) шариғат бойынша сойылмаса, онда бұндай малдан алынған желатин рұқсат емес.
أحكام القرآن للجصاص — (ج 1 / ص 140
قوله تعالى إنما حرم عليكم الميتة والدم وقوله تعالى قل لا أجد فيما أوحي إلي محرما على طاعم يطعمه إلا أن يكون ميتة أو دما يقتضي تحريم الميتة بجميع أجزائها وجلدها من أجزائها لأنه قد حله الموت بدلا من الحياة التي كانت فيه إلا أن قوله على طاعم يطعمه قد دل على الاقتصار بالتحريم على ما يتأتى فيه الأكل وقد بين النبي ص — هذا المعنى في جلد الميتة بعد الدباغ بقوله إنما حرم أكلها وإنما حرم لحمها
وفيه (السراج الوهاج) مسألة جلد الميتة بعد الدباغ هل يجوز أكله إذا كان جلد حيوان مأكول اللحم قال بعضهم نعم ؛ لأنه طاهر كجلد الشاة المذكاة وقال بعضهم : لا يجوز أكله ، وهو الصحيح لقوله تعالى { حرمت عليكم الميتة } ، وهذا جزء منها { وقال عليه السلام في شاة ميمونة رضي الله تعالى عنها إنما يحرم من الميتة أكلها مع أمره لهم بالدباغ والانتفاع } ، وأما إذا كان جلد ما لا يؤكل كالحمار ، فإنه لا يجوز أكله إجماعا ؛ لأن الدباغ فيه ليس بأقوى من الذكاة وذكاته لا تبيحه فكذا دباغه .
Желатинді кейде желе, крем, мусса, торт, консерв өнімдері мен кейбір конфеттерде қолданады. Және де иогурт, десерт, сағыздар мен мармеладтарда, балмұздақ пен қаймақты өнімдерде, кейде сүзбелі (творожный) суфлелер мен балғын ірімшіктерде (сыр) қосылады. Бірақ кейінгі уақытта көптеген өндірушілер мал ингредиенттерінен өсімдікке көшуде. Сондықтан мал желатинін көбіне агар-агарға ауыстырып жатыр.
Желатинді көбіне дәрі-дәрмек өндіргенде қосады, бірақ дәріге қосылған харам мәселесінде өзінің арнайы шарттары бар.
▪️“Халал” деген мөрі бар өнім алыңыз.
▪Пектин немесе агар-агардан дайындаңыз.
▪Құрамында желатині бар тағамды алып қоймауыңыз үшін, қорабында жазылған құрамын дұрыстап қараңыз. Құрамына қосылған ингредиенттерді мұқият оқу, бұл жақсы әдеттерден.
▪Әсіресе желелі тағамдар мен кремі бар десерттерге аса мән беру керек: мусса, жеңіл сүзбеден жасалған тәттілерге (творожный), кремдер мен суфлелерге.
Толық мақала мына сілтемеде:
http://annisa-today.ru/blogi/malika-umm-yaxya/mozhno-li-musulmanam-est-produkty-soderzhashhie-zhelatin/