Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Мен сендерге әйелдерге жақсы қарауды өсиет етемін...»
Хазіретті Әбу Һурайрадан риуаят етілген хадисте Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Мен сендерге әйелдерге жақсы қарауды өсиет етемін, өйткені олар қабырғадан жаратылған, ал қабырғаның ең қисық жері оның үстіңгі бөлігі. Егер оны түзеткің келсе, оны сындырасың, ал егер оны солай тастап қойсаң, сол қалпында қалады. Мен сендерге әйелдерге жақсылық жасауды өсиет етемін». Хадисті Бухари мен Муслим жеткізді.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3238) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Мен сендерге әйелдерге жақсы қарауды өсиет етемін) әт-Тыйби айтты: «Әйелдердің құқтарын сақтауды өздеріңе міндет қылыңыздар ... Әл-Қади айтты: «Бұл жердегі «өсиет ету» деген – біреудің өсиетін қабылдау деген сөз. Яғни: «Мен әйелдер жайында сендерге жақсылықты өсиет етемін, сендер менің осы өсиетімді қабыл алыңдар» дегенді білдіреді». Бұл хадистегі мақсат – әйелдермен жұмсақ мәміледе болу, олардан толық түзелуді күтпеу, олардың кейбір табиғи кемшіліктеріне сабыр ету. «Олардан бас тартуға сабыр ету – олармен өмір сүруге сабыр етуден жеңіл, ал олармен өмір сүруге сабыр ету – тозақ отына сабыр етуден жеңіл (яғни, егер адам әйелдің кейбір кемшілігіне төзе алмай, оған зұлымдық жасаса — бұл Аллаһтың ашуына себеп болады)» деген секілді. Аллаһу Тағала былай деді: {Сабырлы болғандарың өздерің үшін қайырлы}. Яғни, әйелдермен мәміледе немесе олардан болған қателіктерге сабур ету, (өйткені олар қабырғадан жаратылған) ол – иілген сүйек. Мұнда иілгендік — кейіп не мағына жағынан ауыспалы мәнде қолданылған. Яғни, олар жаратылысы иілген, демек олардың асылы иілген болған. Былай деп айтылған: «Аналары — алғашқы әйел Хауа — Адам пайғамбардың ең жоғары қабырғасының ең иілген жерінен жаратылған». Сондықтан олардың табиғаты анасының табиғатындай, сол себепті оларды жаратылыстарынан өзгерту мүмкін емес. Олардан пайда көру тек оларға жұмсақтық таныту және күнә болмаған қисық мінездеріне сабыр ету арқылы ғана мүмкін, (ал қабырғаның ең қисық жері оның үстіңгі бөлігі) — бұл олардың аналары сол жерден жаратылғанына ишара. (Егер оны түзеткің келсе) яғни, оны түзетілуін қаласаң немесе түзетіп бастасаң, (оны сындырасың, ал егер оны солай тастап қойсаң сол қалпында қалады) яғни, оны сындырып алмайынша түзете алмайсың. Ал егер оны жайына қалдырсаң, ол иілген күйінде қалады. (Мен сендерге әйелдерге жақсылық жасауды өсиет етемін») мұны әсірелеу үшін қайталады және айтқан сөзден қорытынды шығаруға ишара ретінде қайталады. Ән-Нәуәуи айтты: «Бұл хадис әйелдерге жұмсақ болуға, оларға жақсылықпен қарауға, мінез-құлықтарындағы қисықтыққа сабыр етуге, ақыл-саналарындағы әлсіздікті көтеруге, және себепсіз талақ берудің ұнамсыздығына меңзейді. Себебі олардың толық түзелуінен үміт ету — бос нәрсе».