July 24

«Әйел – әурет, ол далаға шыққанда шайтан оған назар салады».

Хазіретті Ибн Мәсғуд Пайғамбардан ﷺ риуаят еткен хадисте: «Әйел – әурет, ол далаға шыққанда шайтан оған назар салады». Хадисті әт-Тирмизи жеткізді.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3109) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(Хазіретті Ибн Мәсғуд Пайғамбардан ﷺ риуаят еткен хадисте: «Әйел – әурет, ол далаға шыққанда) яғни, үйінен шыққан кезде (шайтан оған назар салады») Яғни, шайтан әйелді еркектердің көз алдында тартымды етіп көрсетеді. Басқа бір түсіндіруде былай делінген: шайтан әйелдің өзіне назар салады — яғни оны өзі де, өзгелер де күнәға тартылатындай етіп азғырады. «Назар салу» деген — бір нәрсеге құмарлықпен, ынтамен, құштарлықпен қарап, оған ерекше зейін қою дегенді білдіреді.

Ал «әурет» — адам баласы көрсетуден ұялатын кез келген дене мүшесі. Аллаһ Елшісі ﷺ: «Әйелдің болмысының өзі әурет», — деді. Мұның мағынасы — әйелдің табиғаты, жаратылысы өзге адамдар үшін азғыруға себеп болады. Бұл азғыруға не әйелдің өзі түседі, не оған қараған ер адам түседі.

Басқа бір түсіндіруде, хадистегі «шайтан» деген сөзбен адамдар арасындағы пасықтар меңзелуі мүмкін. Яғни олар әйелді көргенде, шайтан олардың жүректеріне салған бұзық ой мен нәпсіқұмарлықпен қарайды. Мүмкін, шайтан әйелдің сырт келбетіне қарап, оны азғырады, ал әйел сол азғырудың салдарынан бұзылып, жақсылар қатарынан шығып, жамандардың қатарына қосылып кетуі де ғажап емес».