Шейхул-хадис ибн Хаджар әл-Әсқаләни әш-Шәфиғи әл-Әшғари мәуліт туралы.
Хадис ілімінде мүміндердің әмірі болған шейхул-хадис ибн Хаджар әл-Әсқаләни әш-Шәфиғи әл-Әшғари мәуліт турасында айтты:
أصل عمل المولد بدعة لم تنقل عن أحد من السلف الصالح من القرون الثلاثة ولكنها مع ذلك قد اشتملت على محاسن وضدها فمن تحرى في عملها المحاسن وجنب ضدها كان بدعة حسنة وإلا فلا وقد ظهر لي تخريجها على أصل ثابت في الصحيحين من أن النبي صلى الله عليه وآله وسلم قدم المدينة فوجد اليهود يصومون يوم عاشورا فسألهم فقالوا هو يوم أغرق الله فيه فرعون ونجى موسى فنحن نصومه شكرا لله تعالى فيستفاد منه الشكر لله على ما من به في يوم معين من إسداء نعمة أو دفع نقمة ويعاد ذلك في نظير ذلك اليوم من كل سنة والشكر لله يحصل بأنواع العبادة كالسجود والصيام والصدقة والتلاوة وأي نعمة أعظم من النعمة ببروز هذا النبي نبي الرحمة في ذلك اليوم وعلى هذا فينبغي أن يقتصر فيه على ما يفهم الشكر لله تعالى من التلاوة والإطعام وإنشاد شيء من المدائح النبوية المحركة للقلوب إلى فعل الخير والعمل للآخرة وأما ما يتبع ذلك من السماع واللهو وغير ذلك فينبغي أن يقال: ما كان من ذلك مباحا بحيث يقتضي السرور بذلك اليوم لا بأس بإلحاقه به وما كان حراما أو مكروها فيمنع وكذا ما كان خلاف الأولى
«Мәулітті атап өтудің негізі сәләф салихтардың үш ғасыры кезінде болмаған. Бұл — кейіннен пайда болған бидғат (яғни, кейіннен шыққан) іс. Алайда оның ішінде көптеген жақсы жақтар бар, сондықтан тыйым салынған істерден сақтанып, оның жақсы жақтарын көздеген адам үшін — бұл жақсы бидғат (бидғат хасана) саналады. Ал егер ол амал тыйым салынған істермен араласса, онда ол тыйым салынған бидғатқа айналады.
Бұл істің шариғи негізін екі сахих хадистер жинағынан (әл-Бухари мен Муслим) таптым. Онда Пайғамбарымыз ﷺ Мәдинаға келгенде яһудилердің ашура күні (Мухаррамның оныншы күні) ораза ұстап жатқанын көріп, бұның себебін сұрайды. Олар: «Бұл — Аллаһ Тағаланың перғауынның көзін жойып, Мұса пайғамбарды құтқарған күні. Сол үшін біз бұл күні ораза ұстап, Аллаһқа шүкіршілік етеміз», – деп жауап береді.
Бұл хадистен Аллаһ Тағала белгілі бір күні Өз нығметін бергені немесе бір бәлекетті қайтарғаны үшін шүкіршілік білдіру – шариғатта негізі бар екендігі аңғарылады, тіпті ол күн жыл сайын қайталанса да. Ал Аллаһқа шүкіршілік — сәжде ету, ораза ұстау, садақа беру, Құран оқу секілді әртүрлі ғибадат түрлерімен жүзеге асырылады.
Осы күні дүниеге келген бұл пайғамбардың — рақым пайғамбарының ﷺ келуінен асқан қандай нығмет болуы мүмкін? Осыған байланысты, бұл күні Аллаһ Тағалаға шүкіршілік білдіретін істермен ғана шектелу керек: Құран оқу, тамақ беру және жүректерді ізгілікке, ақырет үшін амал етуге ынталандыратын пайғамбарлық мақтау жырларын айту сияқты істермен.
Ал енді бұл мерекемен бірге жүретін ән айту, көңіл көтеру және басқа да істерге келсек: егер ол істер шариғат бойынша рұқсат етілген (мубах) және сол күнге қуаныш білдіру ниетінен туындаса, онда оларға да рұқсат етіледі. Ал егер ол істер харам, мәкруһ немесе лайықсыз істер болса, олардан міндетті түрде тыйылу қажет».
Имам әс-Суюти әш-Шәфиғи әл-Әшғари, «Хусну әл-мәқсид фи ғамал әл-Мәулид» кітапшасы.