«Уа, Мухаммад!» деп үндеу мәселесі
Шейхул-ислам, муджаһид, мухаддис Хусейн Ахмад әл-Мәдәни әл-Ханафи әл-Матуриди әд-Диубәнди, Аллаһу Тағала оны рақымына алсын, өзінің «әш-Шиһәб әс-Сәқиб» кітабында «Уа, Мухаммад!» деп үндеу тастау мәселесінде айтты:
«Уаһабилер «Уа, Мухаммад!» деп үндеу тастауға толыққанды тыйым салды, ал Диубандтың үлкен ғалымдары бұл мәселені ашықтап түсіндіреді: егер «Уа, Аллаһтың Елшісі!» деген сөз қатты ауырғанда (немесе қатты қорыққанда) немесе қатты қайғырғанда айтатын: «Уа, әкем» немесе: «Уа, анам»¹ деген сияқты болса, онда бұл еш күмәнсіз рұқсат; және сол сияқты, егер бұл («Уа, Аллаһтың Елшісі!» деген) сөз салауатпен немесе Аллаһ Елшісіне ﷺ сәлем жолдаумен бірге айтылса², онда бұл жерде де рұқсат; және сол сияқты, егер адам осы («Уа, Аллаһтың Елшісі!» деген) сөзді Аллаһу Тағала өз Рақымымен және Жомарттығымен Пайғамбарға ﷺ жеткізеді деген сеніммен айтса, онда бұл жерде де рұқсат, әйтседе тәрк еткен абзал; және сол сияқты, егер адам бұл («Уа, Аллаһтың Елшісі!» деген) сөзді қатты махаббат немесе сүйіспеншілік себепті айтсада рұқсат.
Және сол сияқты, бұл сөздерді мекеннің қашықтығы (...) хабарды жеткізуге кедергі келтірмейтін таза жан иелері мен пәк рух иелеріне (яғни әулиелерге) қатысты қолдану айып емес, тек соңғы екі аспектіні қара халық алдында қолданудың қажеті жоқ³.
Бірақ арам ниетті уаһабилер бұл жайттарға мән бермейді, керісінше, жоғарыда аталған аспектілердің барлығынан тыйады, өйткені арабтардан болған уаһабилер халықтың «Уа, Аллаһтың Елшісі! Саған салауаттар мен сәлемдер болсын» деген сөзді айтудан қайтарып, екі Қасиетті мешіт тұрғындарын осылай шақырғаны үшін жала жауып, мазақ етіп, жаман сөздермен атағанын талай естігенбіз.
Ал біздің үлкен ғалымдарымызға келсек, олар мұны («Уа, Аллаһтың Елшісі! Саған салауаттар мен сәлемдер болсын» салаутын) барлық тараптан айтуды жақсы көрді, тіпті сөйлеу және үндеу түрінде болса да және олар мұны мустахаб деп, ізбасарларына сол салауат түрін айтуды бұйырады және бұл мәселе егжей-тегжейлі дәлелдерімен олардың кітаптары мен пәтуаларында айтылған.
Недждік уаһабилер халықтың алдында «Уа, Аллаһтың Елшісі» деген сөз Аллаһтан басқадан көмек сұрау, сондықтан бұл ширк деп жар салады. Бұл (уаһабилердің) Диубандтық үлкен ғалымдарымен келіспеушілікке түсу себептерінің бірі. Өйткені (Диубанд ғалымдары бұл) сөзді ширкке апаратын сөз деп санамайды, егер Пайғамбардан ﷺ тек Аллаһтың қабілеті жететін нәрсе сұрағанда ғана мұны істеуге тыйым салады. Сосын олар (Диубанд ғалымдары) Пайғамбардың мешіті мен бөлмесіндегі адамдар үшін «Уа, Аллаһтың Елшісі» деп үндеу салуды рұқсат, тіпті мустахаб деп санайды, бірақ уаһабилер бұл жерде де екі себепке байланысты «Уа, Аллаһтың Елшісі» деп үндеу салуға тыйым салады. Біріншісі: Аллаһтан басқадан жәрдем тілеу; екіншісі: Пайғамбарлар өз қабірлерінде тірі емес, керісінше пайғамбарлар барлық мұсылмандар секілді барзах әлемінде деп санайды. Бұл уаһабилердің ақидасы екені сол жаққа сапар шеккен немесе екі шарапатты Харам мешітінде солармен жолыққан немесе басқада жолмен уаһабилердің ақидаларынан баян болған барша мұсылманға мәлім».
¹Бізде қатты қорыққанда «мама» деген секілді сөз.
²«Уа, Пайғамбарым ﷺ! Саған мыңдаған салауаттар болсын!» деген секілді.
³Әулиелердің атын алыстан атау.
تفصيل شيخ الإسلام حسين أحمد المدني الحنفي الماتريدي رحمه الله في مسألة نداء يا رسول الله (صلى الله عليه وسلم) في كتابه الشهاب الثاقب قال الشيخ المدني:
((إن الوهابية يمنعون من نداء رسول اللہ ﷺ إطلاقا ، وأما هؤلاء الأكابر - الديوبندية ـ فهم يفصلون في هذه المسألة ، حيث يقولون : إن نداء «يارسول الله» إذا لم يقصد به معناه ، وإنما جرى هذا اللفظ مثل ما يجري على ألسنتهم «يا أباه» و «يا أماه» عند الشدائد والكرب ، فهو جائز بلا ريب ، وهكذا إذا خرج هذا اللفظ [يارسول الله] وقصد به معناه تبعا للصلاة والسلام على الرسول ﷺ ، فأيضا جائز ، وهكذا إذا خرج هذا اللفظ لغلبة الحب وشدة العشق والفداء عليه ، فأيضا جائز ، كما أنه لا بأس بهذا النداء إذا اعتقد الشخص بأن الله يبلغ هذا النداء بفضله وكرمه إلى رسوله ﷺ ، وهكذا لا يستقبح استعمال هذا اللفظ لأصحاب الأرواح الطاهرة والنفوس الزكية ، الذين لا يمنعهم بعد المكان وكثف الأجسام من تبليغ المعروضات إليهم ، إلا أن الوجهين الأخيرين لا ينبغي إظهارهما عند عامة الناس..... ، ولكن الوهابية الخبثاء لا يرون هذا التفصيل ، وإنما يمنعون من الأوجه المذكورة كلها ، فقد سمعنا على ألسنة وهابية العرب مرارا أنهم يمنعون الناس من قول «الصلاة والسلام عليك يارسول الله» ، ويطعنون في أهل الحرمين على ندائهم بهذه الصيغة ، ويسخرون منهم ، ويذكرونهم بكلمات سيئة ، وأما أكابرنا الأجلاء فهم يستحسنون هذا الوجه أيضا مع جميع أوجه الصلاة والسلام عليه ـ ﷺ - حتى ولو كان بصيغة الخطاب والنداء ، ويرونها من المستحبات ، كما أنهم يأمرون أتباعهم بذلك ، وهذا التفصيل مذكور في كتبهم وفتاويهم ، كما أنه مذكور في كتاب «البراهين القاطعة».
ثم إن الوهابية النجدية يعتقدون وينادون على مرأى ومسمع من الناس أن قول «يارسول الله» استعانة بغير الله ، وهذا شرك ، وهذا القول أيضا سبب من أسباب الخلاف ، مع أن هؤلاء الأكابر الأجلاء - الديوبندية ـ لا يرون هذا القول من أقسام الاستعانة التي تستلزم الشرك ، إلا إذا طلب منه ﷺ ما لا يقدر عليه إلا الله ، فيكون منهيا عنه ، ومن ثم فإنهم يرون لحاضري المسجد النبوي والحجرة النبوية النداء بلفظ «يارسول الله» جائزا بل مستحبا ، ولكن الوهابية يمنعون من نداء «يارسول الله» في هذا المكان أيضا ، وذلك لسببين: الأول : أنه استعانة بغير الله ، والثاني : لاعتقادهم أن الأنبياء ليست لهم حياة دنيوية في القبور ، وإنما هم وعامة المسلمين سواء في الحياة البرزخية ، وهذه العقائد للوهابية معلومة لدى كل من سافر إلى بلاد نجد ، أو التقى بالوهابيين في الحرمين الشريفين ، أو اطلع على عقائدهم بطريقة أخرى))