«Фатыр» сүресінің 14-ші және 22-ші аяттары өлілер естімейді дегенге дәлел ме?
{Сендер оларға қанша жерден дұға етіп, жалынып-жалбарынсаңдар да олар дұғаларыңды естімейді. Естіген күнде де дұғаларыңа жауап қата алмайды} («Фатыр» 14 аят).
1. Имам ат-Табари аяттың тәпсірінде айтты:
«Яғни: Ей, адамдар, Аллаһтан басқа өздерің табынатын құдайларыңа дұға етіп жалбарынсаңдар, олар жансыз зат болғандықтан, бәрібір дұғаларыңды естімейді...».
Ибн Кәсир әш-Шәфиғи аяттың тәпсірінде айтты:
«... {олар дұғаларыңды естімейді} олар пұт, оларда жан жоқ».
Сондықтан бұл аяттың өлілер естімейді дегенге еш қатысы жоқ, өйткені бұл аят мүшріктердің пұттары туралы.
{Сондай-ақ тірілер мен өлілер де тең болмайды. Расында, Алла (ақиқатты) қалаған құлына ғана естіртеді, ал сен қабірлерде жатқандарға (еш нәрсе) естірте алмайсың} («Фатыр» сүресі, 22 аят).
Имам ат-Табари аяттың тәпсірінде айтты:
{وَمَا يَسْتَوِي الأحْيَاءُ وَلا الأمْوَاتُ} يقول: وما يستوي الأحياء القلوب بالإيمان بالله ورسوله، ومعرفة تنـزيل الله، والأموات القلوب لغلبة الكفر عليها...
وكل هذه أمثال ضربها الله للمؤمن والإيمان والكافر والكفر.
{وَمَا أَنْتَ بِمُسْمِعٍ مَنْ فِي الْقُبُورِ} كما لا يقدر أن يسمع من في القبور كتاب الله فيهديهم به إلى سبيل الرشاد، فكذلك لا يقدر أن ينفع بمواعظ الله وبيان حججه من كان ميت القلب من أحياء عباده، عن معرفة الله، وفهم كتابه وتنـزيله، وواضح حججه.
«{Сондай-ақ тірілер мен өлілер де тең болмайды}: Аллаһ пен Оның Елшісіне және Аллаһ түсірген нәрсеге иман келтірген жүректер тірі, ал күпірлікте болған жүректер өлі...
Бұл Аллаһу Тағаланың мүміндер үшін иманның, кәпірлер үшін күпірліктің мысалы.
{... ал сен қабірлерде жатқандарға (еш нәрсе) естірте алмайсың}: Қабірдегілердің Аллаһтың кітабын естіп, тура жолға түсуі мүмкін болмағаны сияқты, жүрегі өлген тірі құлдары да Аллаһтың үгіт-насихаттарынан, түсіндірмесінен және анық дәлелдерінен пайда табуы ала алмайды».
Ибн Кәсир әш-Шәфиғи аяттың тәпсірінде айтты:
كَالْأَعْمَى وَالْبَصِير لَا يَسْتَوِيَانِ بَلْ بَيْنهمَا فَرْق وَبَوْن كَثِير وَكَمَا لَا تَسْتَوِي الظُّلُمَات وَلَا النُّور وَلَا الظِّلّ وَلَا الْحَرُور كَذَلِكَ لَا تَسْتَوِي الْأَحْيَاء وَلَا الْأَمْوَات وَهَذَا مَثَل ضَرَبَهُ اللَّه تَعَالَى لِلْمُؤْمِنِينَ وَهُمْ الْأَحْيَاء وَلِلْكَافِرِينَ وَهُمْ الْأَمْوَات كَقَوْلِهِ تَعَالَى : » أَوَمَنْ كَانَ مَيْتًا فَأَحْيَيْنَاهُ وَجَعَلْنَا لَهُ نُورًا يَمْشِي بِهِ فِي النَّاس كَمَنْ مَثَله فِي الظُّلُمَات لَيْسَ بِخَارِجٍ مِنْهَا» وَقَالَ عَزَّ وَجَلَّ » مَثَل الْفَرِيقَيْنِ كَالْأَعْمَى وَالْأَصَمّ وَالْبَصِير وَالسَّمِيع هَلْ يَسْتَوِيَانِ مَثَلًا » فَالْمُؤْمِن بَصِير سَمِيع فِي نُور يَمْشِي عَلَى صِرَاط مُسْتَقِيم فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَة حَتَّى يَسْتَقِرّ بِهِ الْحَال فِي الْجَنَّات ذَات الظِّلَال وَالْعُيُون وَالْكَافِر أَعْمَى وَأَصَمّ فِي ظُلُمَات يَمْشِي لَا خُرُوج مِنْهَا بَلْ هُوَ يَتِيه فِي غَيّه وَضَلَاله فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَة حَتَّى يُفْضِي بِهِ ذَلِكَ إِلَى الْحَرُور وَالسَّمُوم وَالْحَمِيم وَظِلّ مِنْ يَحْمُوم لَا بَارِد وَلَا كَرِيم . وَقَوْله تَعَالَى : إِنَّ اللَّه يُسْمِعُ مَنْ يَشَاء أَيْ يَهْدِيهِمْ إِلَى سَمَاع الْحُجَّة وَقَبُولهَا وَالِانْقِيَاد لَهَا » وَمَا أَنْتَ بِمُسْمِعٍ مَنْ فِي الْقُبُور » أَيْ كَمَا لَا يَنْتَفِع الْأَمْوَات بَعْد مَوْتهمْ وَصَيْرُورَتهمْ إِلَى قُبُورهمْ وَهُمْ كُفَّار بِالْهِدَايَةِ وَالدَّعْوَة إِلَيْهَا كَذَلِكَ هَؤُلَاءِ الْمُشْرِكُونَ الَّذِينَ كُتِبَ عَلَيْهِمْ الشَّقَاوَة لَا حِيلَة لَك فِيهِمْ وَلَا تَسْتَطِيع هِدَايَتهمْ
«Соқыр мен көретіндер тең болмағаны секілді, әрбір нәрсе өзара тең болмайды, керісінше, олардың арасында үлкен айырмашылықтар бар. Қараңғылық пен нұр, шатырдың астындағы салқын көлеңке мен ызғарлы ыстық жел тең келмейтіні сияқты, тірі мен өлі тең емес. Бұл Аллаһтың иман келтіргендерді – «тірі» - ал кәпірлерді - «өлілерге» теңеген мысалы, Аллаһу Тағаланың мына сөзі секілді: {Кезінде (тура жолда жүрмегендіктен рухани тұрғыдан) өлі болған, алайда Біз жан-дүниесін (иманмен) тірілткен және адамдар арасында адаспай жол тауып жүруі үшін жарық нұр нәсіп еткен адам бейне бір қараңғы түнектерде қалып қойып, одан шыға алмай жүрген бейбақ сияқты ма?}, және сондай-ақ Аллаһу Тағала айтты: {Бұл екі топтың бірі көр соқырлар мен кереңдерге ұқсаса, енді бірі көретіндер мен еститіндерге ұқсайды. Бұл екеуі тең бе?! Ендеше, ойланып, ғибрат алатын шақтарың келмеді ме?!}.
Мүмін адам – бұл дүниеде де, о дүниеде де бұлақтары бар жәннатқа қоныстанғанға дейін нұрда түзу жолмен жүретін, көретін, естейтін адам. Ал кәпір адам – саңырау, соқыр, шығар жол жоқ қараңғылықта жүреді: күнәлары мен адасулары оны хамум мен самумға (қатты және ыстық жел) және хамимге (тозақ иелерінің ыстық суы), сондай-ақ одан салқындық та, қанағат та жоқ күйенің көлеңкесіне (яғни тозаққа) түскенге дейін адасады.
Сондай-ақ Аллаһу Тағала айтты: {Расында, Аллаһ (ақиқатты) қалаған құлына естіртеді} яғни, кез келген адамды дәлелдерді тыңдауға, оларды қабылдауға және оларға ілесуге жетелейді, {сен қабірлерде жатқандарға (еш нәрсе) естірте алмайсың} яғни, кәпірлер қайтыс болып, олар жерленгеннен кейін оларды тура жолға салудан және оларға дағуат айту пайда бермегені секілді, әш-шәқәуә (тозақ) парыз болған мүшріктерге де ешқандай пайда жоқ. Сенің оларға шығу жолың жоқ (олар құрдымға кетті) және сен оларды тура жолға сала алмайсың».
Ладно, енді уаһабилерге өздерінің ұстаздарының кітаптарынан келтірейік
Ибн әл-Қайим өзінің «Хади әл-Аруах» (72 бет) кітабында осы және осыған ұқсас аяттарды талдай отырып, былай деді:
«Аяттың мағынасы, жүрегі өлген кәпірді есту қабілетінен (насихаттан, уағыздан) пайда алуға мәжбүрлей алмағанын сияқты, өлгендердің де есту қабілетінен (насихаттан, уағыздан) пайда алуға мәжбүрлей алмайсын.
Аллаһу Тағала өлілер ешнәрсе естімейді деп айтпаған, өйткені Пайғамбарымыз ﷺ олар (қабір иелері) сандалдың сықырлағанын естиді деген. Сондай-ақ Ол ﷺ Бәдірде өлтірілгендердің оның сөзін естейтіндігін хабарлады. Сондай-ақ Ол ﷺ қабір иелеріне сәлем беруді естейтіндерге үндеу түрінде беру шариғаттаған. Сондай-ақ, Ол ﷺ егер кімде-кім (қабірдегі) мүмін бауырына сәлем берсе, қабірдегі бауыры оған жауап беретінін айтты».
Ибн Таймия («Мәджмуғу әл-Фәтәуә», жаназа бабында) жоғарыдағы аяттың аяттың тәпсірінде айтты:
«Бұл жерде есту «сәмәғу әл-Имтисәл»¹ деген мағынаны білдіреді. Аллаһу Тағала кәпірлерді дағуатты естіп, қабылдамайтын өлі және дауысты естіп, бірақ түсінбейтін хайуан сияқты етті.
Өлген адам сөздерді естіп, түсінсе де дағуатшының насихатына мойынсұну арқылы жауап бере алмайды және (өліні) жамандықтан қайтарып, жақсылыққа шақыруда оған пайда бермейді. Сол сияқты (тірі) кәпір де уағыз/насихат естісе де, одан пайда көрмейді».
¹Шариғат үкімдеріне мойынсұну түріндегі есту. Мысалы, өліге намаздың парызын дәлелдегеннен еш пайда жоқ, өйткені қабірде оған намаз оқу пайда бермейді.
Өлілер естейді және сонымен қатар тірілер үшін дұға етеді:
Әбу Аюб әл-Ансари өзінің «әл-Муснад» (3840) кітабында сахих жолмен жеткізді:
«Сендердің амалдарың өмірден өткен туыстарыңа ұсынылады. Егер (тірілердің) амалдары жақсы болса, онда олар қуанып былай деп дұға етеді: «Уа, Аллаһ! Бұл Сенің рақымыңның арқасында, оған деген нығметіңді толықтыр және сол жолда өлтір!» Ал қашан оларға жаман амалдары ұсынылса, былай деп дұға етеді: «Уа, Аллаһым! Саған жақын болуға және Сені разы қылатын игі істер жасауға оған тауфиқ бер (яғни шабыттандыр)!»
Албани өзінің «әл-Силсәләту ас-Сахих» (2758) кітабында хадистің тізбегін «сахих» деді)