«Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Арабтарды үш нәрсе үшін жақсы көріңіздер...»
Хазіретті Ибн Аббас, Аллаһ екеуіне де разы болсын, риуаят еткен хадисте: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Арабтарды үш нәрсе үшін жақсы көріңіздер: мен арабпын, Құран арабша және жәннат тұрғындарының тілі арабша» (хадисті имам әл-Байһақи «Шуғабу әл-Иман» кітабында риуаят етті).
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 6006) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
(«Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Арабтарды үш нәрсе үшін) яғни, үш қасиеті үшін немесе үш себеп үшін (жақсы көріңіздер: мен арабпын) сүйіктіге тиісілі болғанның барлығы сүйікті, (Құран арабша) яғни, өйткені Құран олардың тілінде түсті, солардың тілінде Құранның шешендігі мен айқындығы белгілі болды және олар шариғатты көтеріп, бізге жеткізді, сондай-ақ олар Пайғамбардың ﷺ сөздерін, істері мен мұғжизаларын жазып бізге жеткізді, сондай-ақ олар Исламның өзегі және олар арқылы елдер мен жерлер Исламға ашылды, олар арқылы Ислам діні жан-жаққа тарады, сондай-ақ олар Исмаилдің ұрпақтары, сондай-ақ қабірдегі сұрақ-жауап олардың (яғни, араб) тілінде болады. Сондықтан: «Кімде-кім Исламға дінін қабылдаса, ол араб тілі иесі», - деп айтылған (және жәннат тұрғындарының тілі арабша») бұдан тозақтықтардың тілі арабша емес екені аңғарылады (хадисті әл-Байһақи «Шуғаб әл-Иман» кітабында риуаят етті) және Әт-Табарани «әл-Кәбирде», әл-Хаким «Мустадрак» кітабында және әл-Ақили «әд-Дуғафа» кітабында риуаят етті».