«Егер адам: «Адамдар құрдымға кетті» десе, ол адамдардың ішіндегі ең құрдымға кеткені».
Имам Муслим өзінің «Сахих» кітабында Әбу Һурайрадан риуаят еткен хадисте Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Егер адам: «Адамдар құрдымға кетті» десе, ол адамдардың ішіндегі ең құрдымға кеткені».
Имам ән-Нәуәуи (хадистің түсіндірмесінде) былай деді: «Мен айтамын: ««Әл-Хамиди: «Мағынасы: адамдардың ішіндегі ең қатты құрдымға кеткені. Егер бұл сөзді адамдарды кемсітіп, менсініп, өзін олардан артық көріп айтса. Өйткені ол Аллаһу Тағаланың жаратуындағы сырды білмейді.
Өзгеге менсінбей жоғарыдан қараған адам жаман істерге барып, өмір соңында жамандықпен кетуі мүмкін, ал әлгі менсінген адам жақсылық жасап, өмір соңында жақсылықпен кетуі мүмкін дегенді білдіреді.
Уа, Раббым, бізге барлық істерде жақсы нәтиже бер және бізді дүниенің қорлығынан және ақырет азабынан сақтай гөр.
Имам ән-Нәуәуи айтты: «Әл-Хаттаби былай деді: «Хадистің мағынасы: Адамдарды үнемі сынап, олардың кемшіліктерін айтып: «Халық бұзылды, құрдымға кетті» және т.б., - десе, ол адамдардың ішіндегі ең құрдымға кеткені – яғни оларды сынап, ғайбаттаған күнәсы жағынан ең ауыр күйде болады. Бәлкім, бұл оның тәкаппарланып, өзін адамдардан жоғары санап, ақыр соңында бұл оны құрдымға жіберуі мүмкін».
Содан кейін имам ән-Нәуәуи бұл хадистің Әбу Дәуіттен жеткізілу тізбегін келтіріп, былай деді: «Мәлик (бұл хадис туралы) былай деді: «Егер ол мұны адамдардың арасында көрген бұзықтыққа мұңайғандықтан айтса, - яғни, адамдардың арасында діни ахуалдың нашарлағанына мұңайып айтса, - «мен одан ешқандай зиян көріп тұрған жоқпын», - деді.
Ал егер өз-өзіне сүйсініп, адамдарды менсінбестен айтса, бұл тыйым Пайғамбар ﷺ қайтарған мәкрүһ нәрсе. Ән-Нәуәуи былай деді: «Мен айтамын: «Бұл өте дұрыс риуаяты бар тәпсір және оның мағынасы - яғни бұл хадистің мағынасы туралы айтылған ең жақсы және ең қысқа түсіндірме - әсіресе мұны имам Мәлик айтқан болса». (Имам ән-Нәуәуи, «әл-Әзхкәр»).
Мұсылман өзін мақтаудан және басқаларды кемсітуден немесе өзін құрметтеуден және басқа мұсылмандарды төмен санаудан сақтансын. Керісінше, оларды аяп, мұңайып, олар үшін Аллаһу Тағалаға дұға етсін.
Имам Мәликтің «әл-Муатта» кітабына қосқан сөздерінде былай делінген:
«Мәриям ұлы Иса Пайғамбарымызға ﷺ былай дейтін: «Жүректерің қатайып кетпес үшін Аллаһты еске алмай көп сөйлемендер. Ақиқатында тас жүрек Аллаһтан алыс, бірақ олар мұны өздері білмейді.
Адамдардың күнәларына өздеріңіз күнәдан пәк болған адам секілді қарамаңдар, күнәларыңа құлдардай қараңдар, өйткені құлдар Аллаһтың сынағына ұшырағандар немесе Аллаһтың рақымына түскендер. Аллаһтың сынағына түскендерге мейірімді болыңдар және өздеріңіз сол сынақтан аман қалғандарыңызға Аллаһқа шүкіршілік етіңдер»».
Шейх Абдуллаһ Сираджуд-Дин әл-Хусәйни әл-Ханафи, «Сәийдинә Мухаммад РасуулуЛлаһ ﷺ».