Пітір садақаны ақшалай беруге болмайды деп жүрген надандарға ескерту.
Шейх Абдул-Уахид әл-Әзһари әл-Ханбали حفظه الله تعالى:
Кейбір білгіштер былай дейді: «Егер пітір зекетті азық-түлік түрінде шығарсаң – ижмағ бойынша жарамды. Ал ақшалай беруде (ғалымдар арасында) келіспеушілік бар. Сондықтан сақтық үшін азық-түлікпен берген дұрыс».
«Пітір зекетті ақшалай, Әбу Ханифа және оны қолдаған сәләфтар мен имамдарға еліктеп (тақлид жасап) берген адамның мойнынан міндет түскені жөнінде ғалымдар ижмағ еткен.
Сондай-ақ оған қарсы шығу (айыптау) харам екеніне де ижмағ еткен.
Ал сендер, надан топ, «сақтық» дегенді тек өз шейхтарыңның пікіріне келгенде ғана білесіңдер. Жумһурдың (яғни, көпшілік ғалымдардың) пікірін де, тіпті ижмағты да елемейсіңдер, егер шейхтарың оған қарсы көзқарасты таңдаса.
Иә, кейбір адамдарға менің ижмағ бар дегенімді қабылдау қиынға соқты. Тіпті мені бұл мәселеде өтірік айтты деп айыптай бастады. Олар: «Жумһур (яғни, көпшілік) ғалымдар пітірді ақшалай беруге болмайды дейді», – деп жеткізеді.
Шынын айтсам:
Кімде-кім менің жазбамның басындағы сөзімді осы мәселенің түпкі үкіміндегі ихтилафты (келіспеушілікті) алға тартып қарсы алатын деңгейде болса – оған үндемеу парыз. Ал Аллаһтың шариғаты жайында сөйлеуі – харам.
Соған қарамастан, мен оларға жұмсақтық танытып, мысалды өзгертейін. Мүмкін, жақсылық қалаған адам түсінер. Өйткені адам өскен ортасына қарсы шығу қиын, әсіресе надандық пен тар түсінік болса:
- Әйелге шәһуатсыз тигеннен кейін дәрет алмай намаз оқыған адам – Әбу Ханифа, Ахмад және оларды қолдаған сәләфтар мен имамдарға еліктесе – оның мойнынан міндет түскені жөнінде ижмағ бар.
Сондай-ақ оған қарсы шығу харам екеніне ижмағ бар. - Түйе етін жегеннен кейін дәрет алмай намаз оқыған адам – Әбу Ханифа, Мәлик, Шафиғи және оларды қолдаған сәләфтар мен имамдарға еліктесе – оның мойнынан міндет түскені жөнінде ижмағ бар.
Сондай-ақ оған қарсы шығу харам екеніне ижмағ бар. - Табаны қапталмаған, бірақ шарттары толық болған мәсіге мәсіх тартқан адам – Ахмадқа және оны қолдаған сәләфтар мен имамдарға еліктеп, үш мәзһабқа қарсы амал етсе – оның мойнынан міндет түскені жөнінде ижмағ бар.
Сондай-ақ оған қарсы шығу харам екеніне ижмағ бар. - Ораза ұстап тұрып хижама жасатқан адам – Әбу Ханифа, Мәлик, Шафиғи және оларды қолдаған сәләфтар мен имамдарға еліктесе – оның мойнынан міндет түскені жөнінде ижмағ бар.
Сондай-ақ оған қарсы шығу харам екеніне ижмағ бар. - Парыз намаз оқып жатқан адам нәпіл намаз оқушы имамға ұйыса – Шафиғи және оны қолдаған сәләфтар мен имамдарға еліктеп, үш имамға қайшы амал етсе – оның мойнынан міндет түскені жөнінде ижмағ бар.
Сондай-ақ оған қарсы шығу харам екеніне ижмағ бар.
Енді айтыңызшы:
Сіз осы айтқандарымның барлығын да, «мәселенің түп негізінде ихтилаф бар» деп қарсы шығып жоққа шығарасыз ба?
Әлде тек өз тобыңызға қайшы келгенде ғана осындай бос әурешілікке барасыз ба?
Ғылым иесіміз деп жүрген адамдарға қарапайым, айқын мәселелерді түсіндіріп отыруға мәжбүр болған заманда Аллаһ сақтасын.
يقول بعض المتحذلقين:
لو أخرجت زكاة فطرك طعاما: أجزأ إجماعا، بخلاف القيمة، فالاحتياط إخراجها طعامًا.
وأنا أقول: أجمع العلماء على براءة ذمة من أخرج زكاة الفطر نقودًا مقلدًا لأبي حنيفة ومن قال به من السلف والأئمة.
وأجمعوا على حرمة الإنكار عليه.
وأنتم معشر الجهلة لا تعرفون الاحتياط إلا فيما عليه مشايخكم، ولا تعبؤون بالجمهور بل ولا الإجماع لو اختار مشايخكم خلافه.
نعم قد صعب على بعض الآدميين التسليم بحكايتي الإجماع، وراحوا يتهمونني بالكذب في ذلك، وينقلون أن الجمهور لا يقول بجواز إخراج زكاة الفطر نقودًا!
وصدقني: من كان مستوى فهمه أن يعارض كلامي في أول المنشور بحكاية الخلاف في أصل المسألة= ففرضه السكوت، وحرام عليه النطق بكلمة في شرع الله.
ومع ذلك فسأتلطف معهم وأغير المثال؛ لعل من أراد به الخير يفهم؛ إذ معارضة ما نشأ عليه المرء صعبة، خصوصًا مع الجهل وضيق العطن:
١- أجمع العلماء على براءة ذمة من صلى دون وضوء من مس المرأة دون شهوة مقلدًا لأبي حنيفة وأحمد ومن قال به من السلف والأئمة.
وأجمعوا على حرمة الإنكار عليه.
٢- أجمع العلماء على براءة ذمة من صلى دون وضوء من أكل لحم الإبل مقلدًا لأبي حنيفة ومالك والشافعي ومن قال به من السلف والأئمة.
وأجمعوا على حرمة الإنكار عليه.
٣- أجمع العلماء على براءة ذمة من مسح على الجورب غير المنعل المستوفي للشروط مقلدًا لأحمد ومن قال به من السلف والأئمة ومخالفًا للمذاهب الثلاثة.
وأجمعوا على حرمة الإنكار عليه.
٤- أجمع العلماء على براءة ذمة من احتجم وهو صائم مقلدًا لأبي حنيفة ومالك والشافعي ومن قال به من السلف والأئمة.
وأجمعوا على حرمة الإنكار عليه.
٥- أجمع العلماء على براءة ذمة مفترض ائتم بمتنفل مقلدًا للشافعي ومن قال به من السلف والأئمة ومخالفًا للأئمة الثلاثة.
وأجمعوا على حرمة الإنكار عليه.
والأمثلة كثيرة جدا.
هل ترى نفسك منكرًا لما أقول في ذلك كله معارضا بحكاية الخلاف في أصل المسألة؟!
أو ترى نفسك صانعًا هذا العبث في مخالفة ما عليه طائفتك فقط؟
وإلى الله المشتكى من زمان نحتاج فيه إلى توضيح البدهيات في العلم لمن يزعم أنه من أهل العلم وطلابه!