Уаһабилердің Имам ән-Нәбхани әл-Ханафиге жапқан жаласына жауап
Жақында бір тик-токер уаһаби (білуімше уаһабилердің «Хаддаи» сектасынан) орыс тілді аудиторияда 2022 жылдары шыққан Шейх ән-Набхани әл-Ханафидің өте ауқымды «Джәмиғу карамат әл-Әулия» кітабынан ерсі бір уақиғаны «копировать и вставить» етіп қазақ тілді аудиторияға жариялады. Ол сол мәселені «как будто» Имам ән-Набханидің және басқа барлық сопылардың ұстанымы ретінде көрсетуге тырысуда. Аллаһтың жәрдемімен, оған жауап ретінде айтамыз:
Имам ән-Набхани бұл кітапты жинақтаған сәтте әулиелердің караматтарына байланысты тек «Сахих» мағлұмат ғана жинау емес еді, бұл кітаптың мақсаты (аты айтып тұрғандай) сол мәселеге қатысты барлық мағлұматтарды жинау (сондықтан әлгі уаһаби келтірген ерсі оқиға мүлдем өтірік болуда мүмкін), мысалы, тәпсір кітаптарда немесе бір мәселеге арнап жазылған кітаптарда соған қатысты барлық мағлұаматты, тіпті исраилаттарды келтіру секілді. Бірақ бұл автор сол көзқарасты ұстанады немесе хабардың әлсіз немесе тасталған екенін білмей қалды дегенді білдірмейді. Мысалы ибн Тәймияның, Аллаһ оны рақымына алсын, өзінің «Баян тәлбис әл-Джахмия» (4/87-89) кітабында «Аллаһу Тағаланы түсте көру мәселесіне» 75 бет арнаған бөлімде мынадай хадис келітреді:
«Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Мен Раббымды жасыл бақта сақалсыз, бұйра шашты жас бала күйінде көрдім», кейбір риуаятта: «Аяғында алтыннан болған сандал болды», басқа риуаятта: «Алтын тақта отырды».
Енді біз ба ибн Тәймия мен барлық уаһабилердің Аллаһқа қатысты ақидасы сол дейміз бе? Немесе олар осы ақиданы қолдайды дейміз бе?
Немесе Имам әз-Зәһәби өзінің «әл-Арш» (2/31) кітабында: «Әлем жаратылмас бұрын Аллаһу Тағала нұрдан жаратылған киттің үстінде болды», - деген тасталған хадис келітреді. Енді Имам әз-Зәһәбидің сенімі осы деп айтамыз ба? Әрине жоқ, өйткені автордың мақсаты бұл тақырыпта келген мағлұматтарлы келтіру ғана болатын.
Басқа кітаптарда осыған ұқсас әлсіз, тасталған, тіпті исраилаттан келетін мағлұматтар өте көп, бірақ бұл кітап автордарының бұл көзқарасты ұстанады немесе олардың өтірік хабарлар екенін білмей қалды дегенді білдірмейд, өйткені бұл кітаптардың мақсаттары сол мәселеге қатысты барлық, сахих болсын, тасталған болсын, хабарларды жеткізу!
Егер әлгі тик-токеррдің көзқарасы бойынша автор өз кітабында келтірген барлық мағлұматты қолдайды деген қорытынды жасайтын болса, онда жоғарыда келтірілген авторларды не істейміз? Немесе Ибн Тәймия мен әз-Зәһәби, оларды Аллаһ рақымына алсын, «эта другой» ма?