August 20

﴾Олар сендер үшін киім (іспетті), сендер де олар үшін дәл сондай киім (секілдісіңдер)﴿.

﴾Олар сендер үшін киім (іспетті), сендер де олар үшін дәл сондай киім (секілдісіңдер)﴿ («әл-Бақара» сүресі, 187-аят).

Тура жолдың имамы болған Имам Әбу Мансур әл-Матуриди әл-Ханафи (һ. 333 ж.қ) - Аллаһ оған разы болын - өзінің әйгілі «Тәуиләт әһли әс-сунна» тәпсірінде аяттың түсіндірмесінде айтты:

«﴾Олар﴿ (яғни, әйелдерің) — сендерге тыйым салынған нәрселерден қорған болатын жамылғы, ал ﴾сендер﴿ де оларға жамылғысыңдар. Ер адам әйел арқылы, әйел ер арқылы қорған табады. ﴾Олар﴿ — сендер үшін тыныштық, ﴾сендер﴿ де олар үшін тыныштық. Ер адам әйелмен, әйел ермен тыныштық табады деп те айтылды. Бұл Аллаһтың мына сөзіне ұқсайды: ﴾Түнді (бейне бір) жамылғы еттік﴿ яғни, түнді тынығу еттік және: ﴾Ол – тынығып дамылдауларың үшін түнді тынығу үшін жаратты﴿.

Аяттың мынадай мағынасыда болуы да мүмкін: екеуінің бірі түн уақыттарында екіншісіне киім (секілді бір-біріне өте жақын) болады (яғни, жақын болу — жыныстық қатынасқа да, жан тыныштығы мен сүйіспеншілікке де ишара)».