December 21, 2024

Муртадқа қатысты үкім

«Муртад өлтіріледі және дүниесі әйелі мен мирасқорларының арасында бөлінеді¹. Егер өлім жазасы орындалмай тұрып тәубе етіп, исламды қайта қабылдаса, онда оның исламы қабыл етіледі, тіпті Пайғамбарды ﷺ сөгіп діннен шыққан болсадағы.

Әйелімен болған неке талақсыз бұзылады және ол (дінді қайта қабылдағаннан кейін) әйелін қайтарып ала алмайды, тек шариғат бойынша (неке қиып) және әйелдің разылығымен ғана.

Бұрын жасаған қажылығы бұзылады, қажылығын қайталау керек және ислам дінін қабылдағаннан кейінгі намаздарының қазасын өтейді, ал муртад болған уақыттағы намаздарының қазасын өтемейді және (муртад болған кезіндегі) сойған малын жемейді.

Егер қателесіп күпірлік сөзін айтса, онда оған тек тәубе етуге және истиғфар айтуға бұйырылады; егер күпірлік қауіпі бар сөз сөйлесе, онда тәубе ету және ол сөзінен қайту бұйрылады. Және ықтият үшін некесін жаңартқан жөн. Мұндай күпірлік сөздер фиқһ кітаптарда келген.

Күпірліктің қасіреті өте үлкен: жәннәт ол адам үшін харам болады және тозақтың азабында мәңгі қалады».

¹Шариғи қазы үкімімен.

Фақиһ, шейх Халил ибн Абдул-Қадир әш-Шәйбани әл-Ханафи, «әд-Дурару әл-Мубаха», 329-330 бет.