April 30

Нәжіске қатысты басқада мәселелер

▪️ Сиыр бидайды таптап тұрған кезде зәр шығарса: зәрулік болғандықтан бұл кешірімді (яғни, одан сақтану машақат); ал егер бидайды таптамай тұрған жағдайда зәр шығарса: зәрулік болмағандықтан нәжіс болады.

▪️ Кәпірлер жасаған немесе пайдаланған заттар, мысалы, ыдыс-аяқ, киім-кешек: олардың нәжіс екені айқын дәлелмен немесе қандайда-да бір мәліметтермен белгілі болмаса, нәжіс болып есептелмейді.

▪️ Арыстанның майын қолдануға болмайды, егер бір білікті мұсылман дәрігері кеңес беріп: «Бұл дерттің басқа ем жоқ» десе: онда кейбір ғалымдардың құзырында майды зәрулік себепті қолдану рұқсат, бірақ намаз алдын майды кетіру тастау керек.

▪️ Көшелер мен жолдардағы нәжіс судың қалдығы әдетте сол жолмен жүретін адам үшін үзір болып табылады және ол киімге тисе, онда ол оны жууға міндетті емес; ал кім әдетте ол жолмен жүрмейтін болса, ол адам ықтият ретінде киімін жуғаны дұрыс.

▪️ Егер нәжіс өртеніп кетсе, оның түтіні нәжіс емес; егер түтіні қатты нәрсеге айналса, ол зат нәжіс болмайды.

▪️ Нәжістің үстіне түскен шаң нәжіс емес, егер шаңнан дымқыл\ылғал нәжіс көрінбесе.

▪️ Нәжістен шығатын булар таза.

▪️ Жемістердегі барлық құрттар таза, бірақ оларды жеуге болмайды.

▪️ Бұзылып, сасып кеткен тағам нәжіс емес, бірақ оны жеуге болмайды, себебі зиян.

▪️ Ұйықтаушының аузынан аққан су таза.

▪️ Сарғыштығы қанға айналып тарқатылып, бүтін болғанға дейін шіріген жұмыртқаға нәжіс деп үкім берілмейді.

▪️ Нәжіс киімді сумен жуып сықса, сосын қайтадан жуып сықса, сосын қайтадан жуып сықса: таза болып, судың барлығы нәжіске айналады. Бірақ ол судың үкімі әртүрлі: егер нәжісті бірінші жуған су таза киімге тисе, онда ол киім үш рет жуумен тазарады; егер екінші рет жуған су таза киімге тисе, онда ол киім екі рет жуумен тазарады; егер үшінші жуған су таза киімге тисе, ол киім бір рет жуумен тазарады.

▪️ Мәйітті жуған су: нәжіс (әдетте мәйіттің денесінде нәжіс болу себепті, ал егер мәйіттің денесінде нәжіс болмаса, онда ол су таза).

▪️ Жыланның терісі нәжіс...

▪️ Мәйіттің сілекейі нәжіс.

▪️ Егер нәжіс матаның бір бетіне тиіп - сыртқы бетіне - сосын екінші бетіне таралса және екі жағындағы (яғни, матаның сыртқы және ішкі бетіндегі) нәжісті жеке алғанда дирһам мөлшерінен аз, бірақ екі жағындағы нәжістің жиынтығы (яғни, матаның сыртқы және ішкі бетіндегі нәжісті қосқанда, мөлшері) дирһам мөлшерінен көп болса: ол матаға намаз оқуға болады; ал егер мата екі бөлек қабаттан болса - яғни екі матадан тігілген (яғни, ішкі беті бір бөлек және сыртқа беті екінші матадан тігілген) - және нәжіс бірінші бетінен екінші бетіне өтсе: онда екі матадағы нәжіс көлемінің қосындысы есепке алынады және екі тарап (ішкі және сыртқы бетіндегі) нәжістің мөлшері дирһам көлемінен үлкен болса, оның үстіне намаз оқуға болмайды.

▪️ Сауын кезінде сүтке бір-екі тезек түссе немесе бір-екі тезек көлеміндегі бір тезек түсіп, оны дереу алып тастаса: кешіріледі (яғни, таза), ал егер сауу уақытынан тыс уақытта түссе: сүт нәжіс болады.

▪️ Егер ақылы кірмеген сәби немесе жынды адам дәрет алса: онда су мустағмал су болмайды.

▪️ Таза нәрсе жуылған сумен дәрет алуға болады, егер оның сұйықтығы және оның су атауы кетпесе; ішінде тағамы бар ыдыстағы сумен дәрет алу бір шартпен рұқсат: егер ол судың үш сипатының (түсі, иісі және дәмі) екеуі өзгермесе (онда онымен дәрет алу рұқсат), ал егер екі сипаты өзгерсе: одан дәрет алуға болмайды.

▪️ Мустағмал суды ішу немесе онымен бірдеңе пісіру мәкруһ; онымен нәжістерді кетіру рұқсат, бірақ онымен дәрет алуға да, ғұсыл құйынуға болмайды.

▪️ Зәм-зәм сумен дәрет және ғұсыл құйынбаған жөн және зәм-зәм сумен нәжіс кетіру мәкруһ, егер одан басқа ешқандай су таппаса немесе судан бір мильдей алыс болса: онда онымен тазалану рұқсат және мәкруһ емес.

▪️ Ер адамның әйелден қалған суымен (яғни, әйел бір ыдысқа су толтырып сол ыдыстағы сумен дәрет алды немесе сол ыдыстағы сумен жеке қалды, кейін сол ыдыста қалған сумен) ғұсыл немесе дәрет алмағаны абзал, өйткені бұл – бізде рұқсат етілсе де – имам Ахмадтың, Аллаһу Тағала оны рақымына алсын, көзқарасы бойынша рұқсат емес.

▪️ Аллаһу Тағаланың азабы түсетін жерлер мен орындардың суымен дәрет алмаған абзал, өйткені ол жердің суымен дәрет алу – имам Ахмадтың, Аллаһу Тағала оны рақымына алсын, көзқарасы бойынша, егер ол судан басқа су таппаса, рұқсат емес; егер басқа су таппаса - рұқсат және мәкруһ емес.

▪️ Таңдыр пешке нәжіс түсіп, от жанып және нәжістің ізі оттың қызуымен жойылса: таңдыр таза болады.

▪️ Егер нәжіс жерге топырақ тастап, нәжісті басып тасаса және топырақтан нәжістің иісі шықпаса, оның үстіне намаз оқуға болады.

▪️ Нәжіс майдан жасалған сабын таза.

▪️ Егер жарадан қан шығып айналасына жайылса және жуу жараға зиянын тигізетін болса: жуу қажет емес, оны таза, дымқыл шүберекпен сүртеді.

▪️ Нәжіс май таза нәрсеге түссе, оған ағызған су мөлдір болғанша жуу керек, жабысқақ майды кетіру міндет емес.

▪️ Таза суға зәр немесе сол сияқты бір нәжіс нәрсе түсіп, су шашырандылары көтеріліп, киімге тиіп кетсе, киімде нәжіс ізі көрінбесе: оны жуу міндет емес; егер нәжіс ізі көрінсе: жуу керек.

▪️ Астарлы матаға - яғни екі қабат мата бір-біріне тігілген болса - және оның бір жағына нәжіс тисе: екі тарапына да намаз оқуға болмайды (егер нәжіс аяқ немесе сәжде жасайтын жерінде болса); егер астарлы мата бір-біріне тігілмеген болса және екінші жағында нәжістің ізі болмаса: нәжіс тимеген тарапына намаз оқуға болады.

▪️ Тауықтың асқазанындағы нәжіс пен ішек-қарындарын кетірмей тұрып, суға салса: (егер тауық еті нәжіс суды өзіне сіңіріп алса, онда) тауық нәжіс болады (ал егер тауық еті нәжіс суды өзіне сіңіріп алмас алдын шығарып алса, онда еті нәжіс болмайды) және оның тазарту жолы жоқ.

Үмметтің данасы Шейх Ашраф Әли әт-Тәһәнәуй әл-Ханафи әл-Матуриди, «Бәһишти Зиуәр», 78-81 бет.