September 20

﴾Уа, иман келтіргендер! Егер кәпірлерге бойұсынсаңдар, сендерді кері қайтарады. Нәтижеде зиянға ұшырайсыңдар﴿.

Уа, иман келтіргендер! Егер кәпірлерге бойұсынсаңдар, сендерді кері қайтарады. Нәтижеде зиянға ұшырайсыңдар﴿. «Әли Имран» сүресі, 149-аят.

Тура жолдың имамы болған Имам Әбу Мансур әл-Матуриди әл-Ханафи (һ. 333 ж.қ) - Аллаһ оған разы болын - өзінің әйгілі «Тәуиләт әһли әс-сунна» тәпсірінде аяттың түсіндірмесінде айтты:

«Мұндағы «бойұсыну» екі мағынада болуы мүмкін:

  1. Олардың дініне бойұсыну, яғни күпірлік жолында оларға бойұсыну;
  2. Оларға жаумен соғыспау тұрғысында бойұсыну, яғни Аллаһ жолында жиһад етуден бас тарту. Бұл олардың: ﴾(Аллаһ жолында жорыққа шығып немесе соғысып шейіт болған бауырлары жайлы): «Егер олар біздің қасымызда болғанда, өлмес те еді, жау қолынан қаза таппас та еді» деп айтқан кәпірлер сияқты болмаңдар﴿ («Әли Имран» сүресі, 156-аят) деген аятқа ұқсайды.

Ал ﴾сендерді кері кері қайтарады﴿ деген сөздің мағынасы — сендерді бұрынғы күпірге қайтарады дегенді білдіреді. Бұл — мысал әрі ишаралы сөз түрінде айтылған».