February 19

Сүннетте келген ауыз ашар дұғасы қай уақытта айтқан абзал?

Қазақша транскрипция:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ғәләйкә тәуәккәлту уә ғәла ризқикә әфтарту уә зәһәбә аз-замау уә ибтәлләти әл-ғуруқ уә сәбәтә әл-әджр ин шәә Аллаһ».

Мағынасы: «Аллаһу Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым, шөл кетті, бойым су нәрісіне толды және сауаптар бекітілді, Аллаһ қаласа».

«Бұл дұғаны Аллаһ Елшісі ﷺ ауыз ашқаннан кейін айтатын. Алайда бүгінгі күні көптеген адамдар бұл дұғаны ауыз ашардың алдында айтып жүргенін көріп жүрміз. Негізінде, Пайғамбарымыз ﷺ бұл дұғаны ауыз ашқан соң айтқан. Хадистің мәтінінің өзі соны көрсетеді. Өйткені онда: «аузымды аштым», «шөл кетті», «тамырлар суға толды» деген сөздер бар. Бұл тіркестер дұғаның ауыз ашқаннан кейін айтылатынын білдіреді».

Аллаһу Тағаладан оразаны, намаздарды лайықты түрде тұрғызуға, харамға қарамауға және тілімізді күнәлі сөздерден сақтауды сұраймыз. Әмин!

Шейх Нидал Әәлиһи Рашши әл-Ханафи әл-Матуриди حفظه الله تعالى

Пақыр аудармашыдан: Бұл (сүннетте келген ауыз ашар) дұғаны Аллаһ Елшісі ﷺ ауыз ашқаннан кейін айтқан. Алайда бұл – ауыз ашар алдында дұға жасауға болмайды дегенді білдірмейді. Егер хадисте келген нақты осы дұғаны айтатын болсаңыз, оны ауыз ашқаннан кейін айту сүннет. Бірақ оны алдын айту тыйым салынған немесе мәкруһ деген сөз емес. Ал ауыз ашар алдында өз қалауыңызбен, жүректен шыққан кез келген дұғаны жасауға ешқандай кедергі жоқ. Керісінше, ауыз ашар сәті – дұға қабыл болатын уақыттардың бірі.