Бөтен әйелдің жүзі мен қолына құмарлықпен, құмарлықсыз қарау үкімі
الأصل للشيباني 3/49 ونصه: «وأما المرأة الحرة التي لا نكاح بينه وبينها، ولا حرمة، ممن يحل له نكاحها، فليس ينبغي له أن ينظر إلى شيء منها مكشوفا إلا الوجه والكف؛ ولا بأس بأن ينظر إلى وجهها وإلى كفها ولا ينظر إلى شيء غير ذلك منها… ولا بأس بأن ينظر إلى وجهها وكفها إلا أن يكون إنما ينظر إلى ذلك اشتهاء منه لها».
Имам Мухаммад өзінің «әл-Асл» кітабында айтты: «Араларында неке болмаған және бір-біріне махрам болмаған (яғни, бөтен) әйел кісінің қолы мен жүзінен басқа ешбір жеріне қарауға болмайды. Егер құмарлық болмаса бөтен әйелдің қолы мен жүзіне қарауда әбестік жоқ».
Яғни, Имамның бұл сөзінен ханафи мәзһабында әйелдің жүзі әурет емес екені және әйелдің жүзі мен қолына құмарлықсыз қарау рұқсат екені түсініледі. Шарт: қараған сәтте құмарлық болмайтынына 100% сенімді болу керек:
قال السرخسي في المبسوط 10/153:« وهذا كله إذا لم يكن النظر عن شهوة؛ فان كان يعلم أنه إن نظر اشتهي لم يحل له النظر إلى شيء منها… وكذلك إن كان أكبر رأيه أنه إن نظر اشتهي، لأن أكبر الرأي فيما لا يوقف على حقيقته كاليقين». وعبارة المحيط 8/25
Имам ас-Сарахси өзінің «әл-Мабсут» (10\153) кітабында айтты: «Бұл (қарау) егер құмарлықсыз болса. Ал егер (бөтен әйелге) қараған сәтте құмарлығы оянатының білсе, онда әйелдің ешбір жеріне қарауға болмайды... және егер бөтен әйелге қараған сәтте құмарлық оянады деген ойы басым болса да сол секілді, ол әйелдің ешбір жеріне қарауға болмайды. Өйткені басым ой сенімділік секілді».
Имамдардан (яғни, Имам Әбу Ханифа, Әбу Юсуф пен Мухаммадтан) кейін бірден өмір сүрген алғашқы мәзһаб фақиһтары мұны тазалық пен ұят орнаған өткен дәуірде ғана мүмкін екенін түсінді, ал біздің заманда жас жігіттің жас қызға мүлде құмарсыз қарауы мүмкін емес. Сондықтан олар бөтен әйелге құмарсыз қарауды мәкруһ тахрим (харамға жақын) деп санады:
عيون المسائل ص189:وليس النظر إليه حراماً ، وأكره به ذلك
• Фақиһ Әбул-Ләйс әс-Самарқанди (һиджраның 373 жылы қайтыс болған) өзінің «Ғуиуну әл-Мәсәил» (189 бет) кітабында: «Бөтен әйелге (құмарсыз) қарау харам емес, мәкруһ (тахрим)».
ذكره في شرحه لمختصر الكرخي، كما في الفتاوى التتارخانية 7/ق19/ب (منيسة 788) ونصاب الاحتساب 1/132 و رد المحتار 1/406.
• Имам әл-Қудуридің (һиджраның 428 жылы қайтыс болған) сөзін Имам әл-Кархи өзінің «Мухтасар» кітабына жазған шархында келтіреді және «әл-Фәтәуә ат-Татархания», «Нисаб әл-Ихтисаб», «Радду әл-Мухтар» кітаптары келтіреді.
الفتاوى الولوالجية 2/197: لأن النظر إلى وجه الأجنبية ليس بحرام وإن كان يكره له ذلك
• Имам әл-Уәлуәлиджиәның (һиджраның 540 жылы қайтыс болған) «әл-Фәтәуә әл-Уәлуәлиджиә» (2\197) кітабында: «Бөтен әйелдің жүзіне (құмарсыз) қарау харам емес, мәкруһ (тахрим)».
الفتاوى السراجية ص73 : النظر إلى وجه الأجنبية إذا لم يكن عن شهوة ليس بحرام لكنه مكروه
• Имам Сираджуд-Дин әл-Әушидің (һиджраның 575 жылы қайтыс болған) «әл-Фәтәуә әс-Сираджия» (73 бет) кітабында: «Бөтен әйелдің жүзіне құмарлықсыз қарау харам емес, бірақ мәкруһ (тахрим)».
Және тағы басқа:Имам әл-Қуһустани «Джәмиғу ар-Румуз» (2\305), «әл-Фәтәуә әл-Һиндия» (5\329), Имам әл-Хаскафи «әд-Дур әл-Мухтар» (6\370), Имам әл-Хадими «Бәриқату әл-Мухаммадия» (4\64), Имам ат-Тахтауи «Хашия әт-Тахтауи әлә әд-Дур» (4\185), Ибн Әбидин «Хашия» (1\407), әл-Майдани «әл-Любәб фи шархи әл-Китаб» (702 бет).
Сондай-ақ бұл ереже мәзһабтың ұлы имамы және муджтаһиді – имам Әбу Юсуф жеткені де назар аудартады. Бұл құмарлықты тудырмайтын қарт әйелдерге қолданылмайды, өйткені олар ережеден шығарылғаны анық:
عيون المسائل ص189:« وقال أبو يوسف في رجل حلف بالطلاق أن لا ينظر إلى حرام فنظر إلى وجه امرأة قال لا تطلق امرأته، وليس النظر إليه حراماً، وأكره به ذلك».
• Фақиһ Әбул-Ләйс әс-Самарқандидің «Ғуиуну әл-Мәсәил» (189 бет) кітабында: «Әбу Юсуф айтты: «Егер адам харамға қарасам әйелімен талақ болады деп ант ішіп, кейін бөтен әйелдің жүзіне қараса: талақ түспейді. Өйткені бөтен әйелдің жүзіне қарау харам емес, мәкруһ (тахрим)»».
Олай болса, мәзһабтағы дұрыс сөз: бейтаныс әйелдің бетіне құмарсыз қарауға харам болмағанымен, бәрібір мәкруһ тахрим болып табылады.
Егер бөтен әйелге қараған сәтте құмар болатын, болмайтынына күмән болса, онда қарау рұқсат емес:
البحر الرائق شرح كنز الدقائق 1/284 (ط.العلمية 1/470) وحاشية الشلبي على التبيين 1/96 وفتح القدير 1/226 وحاشية الطهطاوي على المراقي1/331 والدر المختار 1/407 (مع رد المحتار):« ولذا حرم النظر إلى وجهها ووجه الأمرد إذا شك في الشهوة»؛ ؛
• «Әл-Бахру ар-Раиқ шарх Кәнз әд-Дақаиқ» (1\470); «Хашия әш-Шилби әлә әт-Тәбийн» (1\96); «Фәтху әл-Қадир» (1\226); «Хашия ат-Тахтауи әлә Мәрақи» (1\331); «әд-Дур әл-Мухтар» (1\470) кітаптарында: «Егер күмән болса, онда бөтен әйелдің жүзіне қарау харам».
وفي طريقة محمدية للبركوي 4/63 (مع بريقة محمودية): فإن كان بشهوة أو بشك فيها فيحرم مطلقاً
• Имам әл-Биркәуидің «ат-Тариқату әл-Мухаммадия (мәғә Бәриқату әл-Мухаммадия)» (4\63): «Егер (бөтен әйелге қараған сәтте) құмарлық болама деген күмән болса, онда әйелге қарау харам».
وفي الهداية 8/460 (مع فتح القدير):« وقوله «لا يأمن» يدل على أنه لا يباح إذا شك في الاشتهاء كما إذا علم أو كان أكبر رأيه ذلك»
• «Әл-Һидая» (8\460) («Фәтху әл-Қадир» шархымен) кітабында: «Өз-өзіне сенімсіз болса деген сөз - бұл жағдай бөтен әйелге қараған сәтте құмарлығы оянатының білген немесе ойы басым болған адам секілді, яғни қарау рұқсат емес».
في اللباب ص703: وإن لم يأمن ذلك أو شك لم يحل له المس ولا النظر كما في المجتبى وغيره
• «Әл-Любәб» (703 бет) кітабында: «Егер өз-өзіне сенімсіз болса, онда ол адам үшін бөтен әйелді ұстауы және қарауы рұқсат емес. Солай «әл-Муджтаба» және басқа кітаптарында келгендей».
وفي تحفة الملوك ص230: فإن خاف الشهوة لم ينظر إلى الوجه أيضا إلا لحاجة وكذا لو شك
• «Тухфату әл-Мулук» (230 бет) кітабында: «Егер құмарлық болады деп қорықса немесе (құмарлық бола ма деген) күмән болса, онда бөтен әйелдің жүзіне қарау рұқсат емес, тек аса зәрулік жағдай болмаса».
وفي تبيين الحقائق 6/17: « والأصل فيه أنه لا يجوز أن ينظر إلى وجه امرأة أجنبية مع الشهوة، لما روينا إلا للضرورة إذا تيقن بالشهوة أو شك فيه»
«Тәбийн әл-Хақаиқ» (6\17) кітабында: «Асыл болған нәрсе: бөтен әйелдің жүзіне қараған сәтте құмарлық болады немесе күмән болса, онда қарау рұқсат емес, ал қарау рұқсат деп келген риуаяттар бұл аса зәрулік жағдайларға ғана қатысты».
Ер адамға әйелдің бетіне қарауға нақты түрде тыйым салмағанымен, егер құмарлық қаупі мүлдем болмаған кезде, ал әйел оған бағытталған назардың құмарлықпен бірге жүретінін немесе жоқ екенін білмейді, әсіресе көшеде. Сондықтан Ханафи мәзһабы бойынша Құран мен Сүннетке сәйкес әйел бөтен еркектердің алдында бетін жабуы міндет:
قال العلامة الكوثري في حجاب المرأة المسلمة ص12:«وعدم خوف الفتنة إنما يعلم في ناظر خاص، وأما بالنظر إلى جماهير الناس الذين تبزر المرأة سافرة أمامهم فلا يتصور عدم خوف الفتنة منهم جميعا، فيتحتم المنع من السفور أمامهم على هذا التعليل».
Шейхул-ислам Мухаммад Зәһид әл-Кәусәри әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің әйелдердің хиджабына қатысты жазған кітапшасында (12 бет) айтты: «Азғырудың\құмарлқтың бар\жоғын нақты әйелге қараушы ер адам ғана біледі, бірақ көпшілік алдына шығып көзге түсетін әйел мүлде азғыру мен құмарлық оятпайды деп қорықпауды елестету тіптен мүмкін емес. Сондықтан осы негізде әйел адамның (сыртқа жүзін ашып шығудың) алдын алу керек».
Имам Мухаммад бұл ережені өзінің «әл-Асл» кітабында көрсетті және осы нәрсе біздің мәзһатың заһир ар-риуая негізін құраған. Бұл ғасырлар бойы ірі ханафи фақиһтары ұстанған ханафи мәзһабының сенімді пікірі.
الذخيرة البرهانية 1/ق90/أ (الوطنية بتونس) و1/ق122/أ (الأحمدية بحلب): «و في «الأصل»: «المرأة المحرمة ترخي على وجهها بخرقة، وتجافي عن وجهها» قالوا: هذه المسألة دليل على أن المرأة منهية عن إظهار وجهها للرجال من غير ضرورة؛ لأنها منهية عن تغطية الوجه لأجل نسك، لولا أن الأمر كذلك، وإلا لما أمرت بهذا الإرخاء».ومثله في منحة الخالق 2/381 (ط.علمية 2/622).
«Әз-Зәхира әл-Бурһания» кітабында: «Имам Мухаммадтың «әл-Асл» кітабында: «Ихрамға кірген әйел бетіне тиіп тұрмайтындай етіп жүзін матамен жабады». Ғалымдар айтты: «Бұл сөз әйел адам аса зәрулік жағдайсыз бөтен ер адамдардың құзырында жүзін ашуға тыйым салынғандығына дәлел. Өйткені қажылық рәсімдері үшін әйел жүзін жабуға тыйым салынған еді»». Және осындай сөз «Минха әл-Халиқ» (2\381) кітабында да келген.
Имам әл-Матуриди өзінің «Тәуиләт әһли әс-Сунна» тәпсірінде (4\136):
تأويلات أهل السنة 4/136 :«وفي الآية دلالة رخصة خروج الجرائر للحوائج، لأنه لو لم يجر لهن الخروج لم يؤمرن بإرخاء الجلباب على أنفسهن، ولكن نهاهن عن الخروج بغير جلباب فدل أنه يجوز لهن الخروج للحاجة؛ والله أعلم».
«Бұл аят әйелдер өз қажеттерімен үйінен шығуға рұқсат екеніне дәлел, өйткені егер олар сыртқа шығуға рұқсат етілмеген болса, оларға джилбәб¹ бұйырылмас еді, бірақ джибәбпсыз оларға сыртқа шығуға тыйым салынды. Сондықтан бұл олардың мұқтаждық үшін шығуға рұқсат екенін көрсетеді».
¹Джилбәб: шапан. Мұнымен бастары мен жүздерін жабуды бұйырылды, бірақ бұл күңдерге міндет емес (Илкиә әл-Һаррасийдің «Әхкәму әл-Қуран» (4\350) тәпсірі).
الجلباب: الرداء، فأمرهن بتغطية وجوهن ورؤوسهن، ولم يوجب على الإماء ذلك.
Жазбада көбінесе Муфти Ибраһим Қадодияның жазбалары пайдаланды: https://darulfikr.ru/articles/fikh/objazatelnost-nikaba-v-hanafitskom-mazhabe/