June 23

﴾Уа, ардақты Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүміндердің жұбайлары мен қыздарына: «Ұзын әрі кең «жилбаб» кисін», – деп, айт﴿.

Имам Ибн Кәмәл Баша әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің тәпсірінде Аллаһу Тағаланың: ﴾Уа, ардақты Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүміндердің жұбайлары мен қыздарына: «(Үйлерінен шыққанда және бөтен ер кісілердің алдында жеңіл киімдерінің сыртынан) ұзын әрі кең «жилбаб» кисін», – деп, айт. Бұл (олардың иманды да, арлы әйел баласы ретінде) танылуы (білінуі үшін) һәм нақақтан-нақақ ар-намыстары тапталып, қорлық көрмеуі үшін. Аллаһ (мүміндерге) өте кешірімді, ерекше мейірімді﴿, деген аяттың түсіндірмесінде айтты:

«(﴾Уа, ардақты Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүміндердің жұбайлары мен қыздарына: «(Үйлерінен шыққанда және бөтен ер кісілердің алдында жеңіл киімдерінің сыртынан) ұзын әрі кең киім кисін», – деп, айт)﴿: Киіммен беттері мен мойындарын жауып, қажет кезде денелеріне матаны түсіре салады.

Әйелдің жүзі ашылып кетсе: «Киімімен жүзіңді жауып ал», - делінеді.

«Жилбаб» — жамылғы немесе басқа нәрсе болсын, жабыну үшін қолданылатын барлық нәрсе. Әйел оның бір бөлігімен оранып, бір бөлігін денесіне салбыратып жібере салады немесе оның бірнеше «жилбабтары» бар (яғни, бір жилбабпен оранады, екіншісін денесіне салбыратып қояды).

Исламның алғашқы кездерінде әйелдер Исламға дейінгі дәуірдегі әдет-ғұрып бойынша жейде және орамалмен көшеге шығатын. Бұл жағынан азат әйел мен күң арасында ешқандай айырмашылық жоқ еді. Бәлкім, жас жігіттер мен қу еркектер оларды көру үшін көз салатын, ал егер сол істері үшін сөгіс алса: «Біз оны күң деп ойладық», – дейтін. Сондықтан азат әйелдерге күң әйелдерден басқаша киіну және жабу бұйырылды. Сол себепті Аллаһу Тағала айтты:

Бұл (олардың иманды да, арлы әйел баласы ретінде) танылуы (білінуі үшін)﴿: азат әйелдерді күң әйлдерден ажырату үшін және ﴾ һәм нақақтан-нақақ ар-намыстары тапталып, қорлық көрмеуі үшін﴿: Мұсылман әйелдер өздеріне бөтен еректің назары түскенді ұнатпайды, сондықтан толық жабыну арқылы күмәнді ер адамдар оларға (қарау арқылы) зиян келтіруіне жол бермеу үшін. ﴾Аллаһ (мүміндерге) өте кешірімді﴿: Бұрыңғы салғырттықтарын кешіреді, ﴾ерекше мейірімді﴿: Мұсылмандарды әдеп пен ізгілікке үйрету арқылы оларға ерекше мейірім танытады».