November 7, 2024

Наурыз мәселесі

«Әл-Фәтәуә ат-Татархания» (3\416) кітабында: «Әдейлеп, алдын бұл күндері ораза тұтпайтын, Наурыз және Миһраджан күні ораза ұстау мәкруһ. Және сенбі мен жексенбі күндері де ауыз бекіту мәкруһ делінген. Шейхтарымыздың ішінде: «Ақиқатында мәжүстердің мейрамы (Наурыз бен Миһраджанды) дәріптеп ораза ұстау мәкруһ», - деген шейхтарымыз болды. Егер қыстан аман есен шыққанына байланысты шүкіршілік ретінде ұстаса, әбестік жоқ. Садру әш-Шәһид өзінің «әл-Уәқиға» кітабында егер адам бұрын нәпіл ораза ұстап, сосын оразасы сол (Наурыз бен Миһраджан) күнге тап келсе, онда оразасын ұстай бергені абзал және мәкруһ емес; ал егер бұрын нәпіл ораза ұстамайтын болса, онда ол күндері ораза ұстамағаны абзал және осы көзқарас таңдалғанын айтты. Өйткені Наурыз және Миһраджан күндері ораза ұстау бұл күндерді дәріптеген секілді болады, ал ол күндерді дәріптеу харам.

«Аз-Заһирия» кітабында Әбу Хафс әл-Кәбирдің былай деп айтқаны келеді: «Егер адам елу жыл бойы Аллаһқа құлшылық етіп, сосын Наурыз күні кейбір мүшріктерге барып сол күнді дәріптеп жұмыртқа сыйлыққа берсе, ол кәпір болады»».