July 1
«Өсім тұтынушыны да, оны төлеушіні де, қағазға түсіргенді де, садақа беруді тыйғанды да Аллаһу Тағала лағынет етті».
Хазіретті Әли, оған Аллаһ разы болсын, Аллаһ Елшісінің ﷺ былай деп айтқаның жеткізді: «Өсім тұтынушыны да, оны төлеушіні де, қағазға түсіргенді де, садақа беруді тыйғанды да Аллаһу Тағала лағынет етті». Және (Аллаһ Елшісі ﷺ) жоқтау айтуға тыйым салды». Хадисті ән-Нәсәи жеткізді.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 2829) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(«Өсім тұтынушыны да, оны төлеушіні де, қағазға түсіргенді де, садақа беруді) яғни, мүлдем садақа беруден немесе зекет беруден (тыйғанды да Аллаһу Тағала лағынет етті»). (Және жоқтау айтуға тыйым салды») яғни, Исламға дейінгі дәуірдегідей жоқтау айтып ауыр сөздермен қатты айқайлап жылау».