﴾Содан бойжеткеннің біреуі ұялып келді де...﴿
﴾Сөйтіп ол екі бойжеткеннің малын суарып берді де (екеуі кеткеннен) кейін көлеңкені саялап: «Уа, Раббым! Шүбәсіз, маған берер қандай жақсылығыңа, нендей нығметіңе болса да зәрумін!» – деді. Содан бойжеткеннің біреуі ұялып келді де: «Сізді әкем шақырып жатыр. Бізге қолұшын беріп, малымызды суарып бергеніңіз үшін ақыңызды бермек»; – деді﴿ («әл-Қассас» сүресі, 23-25 аят).
Имам, фақиһ, мухаддис, зәһид Әбу әл-Ләйс Наср ибн Мухаммад әс-Самарқанди әл-Ханафи әл-Матуриди¹, Аллаһ оны рақымына алсын, [373 һижра ж.қ.] өзінің әйгілі «Тәфсир әс-Самарқанди» (2\514) аяттың тәпсірінде айтты:
«(﴾Сөйтіп ол екі бойжеткеннің малын суарып берді де (екеуі кеткеннен) кейін көлеңкені саялап:) яғни, ағаштың көлеңкесіне барып: ( «Уа, Раббым! Шүбәсіз, маған берер қандай жақсылығыңа, нендей нығметіңе болса да зәрумін!» – деді) яғни: «Уа, Раббым! Қандай ризық берсеңде мен соған зәрумін!». Өйткені қатты аш болды. Мұқтаждығын адамдардан емес, Раббысынан сұрады. Екі бойжеткен оның аш екенін түсініп, болған оқиғаны әкесіне барып айтады. Сонда әкесі: «Ол кісінің қарны ашқан ғой», - деп, екі бойжеткеннің біріне: «Барып, оны шақыр», - деді. (Содан көп ұзамай қос бойжеткеннің біреуі ұялып келді де:﴿ яғни, бойжеткеннің «ұялып келуі» оның ұятты, ибалы, ақ пейілді екенін білдіреді. Өйткені ол сәнденген/өз әсемдігін көрсетіп емес, толық бүркемеленген күйде болды. «﴾...ұялып келді﴿ яғни, «жүзін қолымен немесе көйлегінің жеңімен жауып келді» деп айтылған».