««Бір адам екінші адаммен бауырласқан (танысқан) кезде, одан есімін, әкесінің есімін және қайдан екенін сұрасын».
Хазіретті Язид ибн Нуғама (Аллаһ одан разы болсын) риуаят еткен хадисте айтты: Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Бір адам екінші адаммен бауырласқан (танысқан) кезде, одан есімін, әкесінің есімін және қайдан екенін сұрасын. Бұл – өзара махаббат пен бауырмалдықтың артуына себеп болады». Хадисті Имам Тирмизидің риуаят етті.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 5020) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(Хазіретті Язид ибн Нуғама) одан Сағид ибн Сулейман риуаят еткен. Ол Хунайн соғысына мүшрік ретінде қатысқан, кейін мұсылман болған. Имам әт-Тирмизи былай деген: «Оның (яғни, Язидтің) Пайғамбармен ﷺ кездескенін білмеймін».
Имам әт-Тирмизи мұны «Сахабалардың артықшылықтары» бөлімінде келтірген. Бірақ хадистің соңында оның «сахаба ма, әлде табиғин бе» екендігі жөнінде талас бар екені де айтылған. (Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Бір адам екінші адаммен бауырласқан (танысқан) кезде) яғни, Аллаһ үшін бауырласып, дос болса, (одан есімін, әкесінің есімін және қайдан екенін сұрасын) яғни, қай рудан немесе қай елден екенін сұрасын. (Бұл) яғни, мұндай сұрастыру — (өзара махаббат пен бауырмалдықтың артуына себеп болады»).
«Мишкәт әл-Масабих» кітабының түсіндірмесінде былай делінген:
«(... өзара махаббат пен бауырмалдықтың артуына себеп болады) – яғни, мейірімділік пен сүйіспеншілікке апаратын жол».
Бұл хадисті имам Тирмизи риуаят еткен. Сондай-ақ Ибн Сағд және әл-Бухари өзінің «ат-Тарих» еңбегінде оны риуаят еткен.
Имам Тирмизи былай деген: «Бұл – ғариб хадис. Біз Язидтің Пайғамбарымыздан ﷺ хадис естігенін білмейміз».
Алайда бұл хадистің иснадындағы барлық риуаятшылары сенімді адамдар.
Язид ибн Нуғама – толық аты: Әбу Мардуд аз-Дубби. Оны Ибн Абдул-Бәрр сахабалар қатарына қосқан.
Сондай-ақ әл-Бухариден мынадай сөз келтірілген: «Оның (Язидтің) Пайғамбармен ﷺ жолыққаны – сахабалық белгі».
Ибн Абдул-Бәрр тағы былай деген: «Ол Хунайн соғысына мүшрік ретінде қатысты, кейіннен мұсылман болды»».