Ниет деген не?
«Мәрақи әл-Фәләх» (намаз рүкіндері бабы) кітабында:
«Ниет - (орындайын деп жатқан) ғибадатты басқа ғибадаттардан ажыратып¹, сосын кескінді түрде және бар ықыласпен Аллаһу Тағаланың разылығы үшін сол ғибадатты орындауға бар ықыласпен кескінді түрде шешім қабылдау».
¹Яғни, орындайын деп жатқан ғибадатты басқа ғибадаттардан ажыратып алу керек. Өйткені ғибадаттар түр жағынан (ораза, намаз секілді) және үкім жағынан әртүрлі болып келеді, мысалы намаздағы үкімдердің әртүрлігі: парыз, уәжіп, қаза және нәпіл деген секілді. Сондықтан парыз, уәжіп және қаза намаздарды орындау үшін ниетпен бірге қай намазды орындап жатқанын білу керек: бесін немесе екінті намазының парызы немесе пәленше намаздың қазасы деген секілді («Хашия ат-Тахтауи», 2\299).
Ибн Әбидин өзінің хашиясында (3\52):
«Яғни, ниет - орындайын деп жатқан ғибадатты жалпылама білу емес: мейлі, жасайын деп жатқан амалыңды мақсат етіп шешім қабылдады ма, жоқ па. Бұл Мухаммад ибн Сәлмәнің: «Кімде-кім оқиын деп жатқан намазын білсе, сол ниет» деген сөзіне қарсы жауап және «әд-Дурур» кітабында келгендей, бұл оразаға да қатысты. «Әл-Әхкәм» кітабында айтты: «Бірақ «әл-Фәтх» және «Шарху ибн Мәлик» кітаптарында: «Бұл жердегі «намаз оқуды қалаған (яғни, қай намазды оқиын деп жатқанын білу, сол ниет)» деген сөздің мақсаты: намаз оқуды ниет еткеннен кейін қай намаз оқиын деп жатқанын білу екенін айтып жатыр: бесін немесе екінті немесе нәпіл немесе қаза. Сондықтан кітаптарда (күпірлік амалды біліп, бірақ) күпірлікке ниет етпеген адам кәпір болмайтындығы айтылған (яғни, егер білу мен ниет екеуі бір нәрсе болса, онда күпірлікті білген адам бірден кәпір болу керек еді!? Бірақ күпірлікті ниет етпейінше адам кәпір болмайтыны баршасына белгілі. Осы ридда бабындағы мәселе білу мен ниет ету екеуі екі түрлі екеніне анық дәлел). Бұл сөзді (яғни, «Кімде-кім оқиын деп жатқан намазын білсе, сол ниет» деп) айтушы адам - бір нәрсені білу, сол нәрсеге ниет ету деп мәлімдеп жатқан жоқ¹»».
¹Бұл жерде ғалымдар Мухаммад ибн Сәлмәнің: «Кімде-кім оқиын деп жатқан намазын білсе, сол ниет» деген сөзін дұрыс жағынан түсінуге болатындығын айтып жатыр. Бұдан алынатын пайда: сырт көзге дұрыс көзқарасқа қайшы болып көрінген ғалымдардың сөзін шама келгенше дұрыс жағынан жорамалдау керек және бұл біздің ғалымдарымыздың жолы.