October 30

Сәлде мен жамылғыға мәсіх тарту бабы.

52. Бізге (яғни, Имам Мухаммадқа) Мәлик жеткізіп айтты: Маған Джабир ибн Абдуллаһтан жетті: «Одан (яғни, Джабирден) сәлде жайлы сұралғанда, ол: «Жоқ, рұқсат емес, тек су шашқа тікелей тисе ғана болады», — деді.

Имам Мухаммад (ибн әл-Хасан) айтты: «Біз дәл осы көзқарасты аламыз. Бұл — Имам Әбу Ханифаның көзқарасы».

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің «Шарху мушкиләти әл-Муатта би-риауяти әл-имам Мухаммад ибн әл-Хасан әш-Шәйбани» (1\87) кітабында айтты:

«(Имам Мәлик айтты: Маған Джабир ибн Абдуллаһтан) екеуі де ансарлық сахабалар (жетті) Суфиян әс-Сәури айтты: «Егер Мәлик “маған жетті” деп айтса, бұл — сенімді иснад».

(«Одан (яғни, Джабирден) сәлде жайлы сұралғанда) яғни сәлде үстінен мәсіх тартуға бола ма, жоқ па деген сұралғанда: (Жоқ, болмайды, Жоқ, рұқсат емес, , тек су шашқа тікелей тисе ғана болады», — деді) яғни, судың тікелей шаштың өзіне тиюі.

(Имам Мухаммад (ибн әл-Хасан) айтты: «Біз дәл осы көзқарасты аламыз. Бұл — Имам Әбу Ханифаның көзқарасы»). Біліп қой: басқа тікелей мәсіх тартпай, тек сәлде үстінен мәсіх тарту – үзірсіз жағдайда¹ – Имам Әбу Ханифа, Имам Мәлик және Имам Шәфиғи бойынша рұқсат етілмейді.

Ал Имам Ахмад бұл амалға белгілі бір шартпен рұқсат береді: сәлде иектің астынан оралған болуы керек — бұл оның бір риуаятында келген.

Сонымен қатар, сәлдені дәретпен кию шарт па, жоқ па — бұл жайлы Имам Ахмадтан екі түрлі риуаят жеткен.

Сол сияқты, әйел адамның мойнын астынан дөңгелете оралған жамылғыға мәсіх тартуына қатысты да Имам Ахмадтан екі түрлі риуаят келген».

¹Мысалы, бастан жарақат алып, су тигізу зиян келтіретін жағдайда — бұл үзір болып есептеледі. Мұндай жағдайда адамның басына таңылған бинттің сыртынан мәсіх тартуға рұқсат етіледі.

53. Бізге (яғни, Имам Мухаммадқа) Мәлик, ол Нафиғтен жеткізіп айтты: «Мен Сафия бинт Әбу Убайдтың дәрет алып жатқанын көрдім. Ол химарын (орамалын) шешіп, содан кейін басына мәсіх тартты».

Нафиғ былай айтты: «Мен ол кезде әлі кішкентай бала едім».

Имам Мухаммад ибн әл-Хасан айтты: «Біз дәл осыған амал етеміз: химарға да (орамал\жамылғы), сәлдеге де мәсіх тартуға болмайды. Бізге жеткен мәлімет бойынша, сәлдеге мәсіх тарту болған, бірақ кейіннен ол амал тәрк етілген. Бұл — Имам Әбу Ханифаның және біздің фиқһ ғалымдарымыздың көпшілігінің көзқарасы».

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди өзінің «Шарху мушкиләти әл-Муатта би-риауяти әл-имам Мухаммад ибн әл-Хасан әш-Шәйбани» (1\88) кітабында айтты:

«(«Мен Сафия бинт Әбу Убайдтың) әл-Мухтар ибн Әбу Убайдтың қарындасы. Ол Пайғамбарымыздың ﷺ дәуіріне жетіп, Одан ﷺ хадис естіп үлгерген, бірақ тікелей риуаят етпеген. Алайда Айша мен Хафса аналарымыздан хадис риуаят еткен.

Одан Нафиғ (Ибн Омардың азат құлы) риуаят еткен. Ол Сафияның былай істегенін жеткізген: (дәрет алып жатқанын көрдім. Ол химарын (орамалын) шешіп, содан кейін басына мәсіх тартты») яғни, орамалын шешіп іледі немесе мәсіх тартуға кедергі жасамайтындай басынан шетке ысырды.

(Нафиғ былай айтты: «Мен ол кезде) ол бұл амалды жасағанда (әлі кішкентай бала едім») яғни, жас бала болсам да, бұл істегенін анық есімде сақтап қалдым».