October 15

Намаздан кейін айтылатын тәсбихтің белгіленген санынан артық айту мәселесі.

«Егер адам (намаздан кейін айтылатын тәсбихтерді) белгілі саннан артық айтса: Кейбір ғалымдар: «Ол — мәкруһ, өйткені бұл — әдепсіздікке жатады», — деген. Бұл пікірді былайша дәлелдеген: «Бұл дәрінің (мөлшерін) белгіленген нұсқаудан тыс арттыру немесе кілттің тісіне артық тіс қосу сияқты». Басқа ғалымдар: «Жоқ, қайта адам сол арнайы арналған сауапқа ие болады, тіпті артық айтса да», — деген. Тағы бір пікірде: «Тіпті бұл жерде мәкруһ дегенге сенудің өзі рұқсат етілмейді», — делінген. Олар бұған ﴾Кімде-кім Алланың алдына бір ғана жақсылықпен келсе, оған сол жақсылығы үшін он есе сауап жазылады﴿ («әл-Әнғам» сүресі, 160-аят) деген Құран аятын дәлел ретінде келтіреді.

Бұл мәселеде ең орынды пікір (егер ол тасбихті артық айтуда) — егер адам тасбихті көбейтуді нақты санға күмәндану секілді себеппен жасаса, үзірлі. (Егер) шариғат бекіткен тәртіпке түзету енгізу мақсатында болса — онда бұл тыйым салынған».

Ибн Әбидиннің «Хашиясы», (намаз сипаты бабында) 3\427.