Мұсылмандар туралы жақсы ойда болу
Ханафилер Құраннан үкім алуда негізгі кітап болып саналатын «Ахкаму әл-Қуран лил-Джассас» (5/287) кітабында:
«Аллаһу тағаланың ﴾Уа, иман келтіргендер! Ой атаулының көбінен аулақ болыңдар (яғни, өзге адамдар жайлы, әсіресе, мүмін бауырларың жайлы түрлі (жаман) ойларға беріле беруден аулақ болыңдар)!﴿ («әл-Хужурат», 12 аят) аяты ойлардың барлығына емес, кейбір күдіктерге тыйым салуды талап етеді, өйткені Оның: ﴾Ой атаулының көбінен аулақ болыңдар﴿ деген сөзі кейбір ойлар ғана жазаны талап ететінің мына аятынан анық: ﴾Өйткені ой атаулының бір парасы/кейбірі (яғни, өзгелер жайлы ойлаған жаман, яки арам ойлар) күнәға жатады!﴿ және бұл аят барлық бірдей ойға тыйым салмағанын көрсетеді. Аллаһу Тағада басқа бір аятында: ﴾Ал құрғақ ой мен құр болжам болса, ақиқаттың қасында түк те емес﴿ («Юнус», 36 аят) және ﴾Сондай-ақ сендер (Алла мүміндерді қараң қалдырады, Исламның мерейін үстем қылмайды дегендей) жаман ойда болдыңдар. Сөйтіп, құрдымға кетуге лайық қауым болдыңдар﴿ («әл-Фәтх», 12 аят) деді.
Ой төрт түрлі болады: тыйым салынған, бұйырылған, жақсы көрілген және рұқсат етілген. Тыйым салынған ой – Аллаһу Тағала туралы жаман ойда болу, Аллаһу туралы жақсы ойда болу – парыз және Аллаһу Тағала туралы жаман ойда болу – тыйым салынған әрі қайтарлыған. Сол сияқты, сырт көзге әділ болып көрінген мұсылмандар туралы жаман ойда болу да қайтарылған әрі жазғырылған және тыйым салынған ойлардың бірі».