June 2

Ғайбаттың кәфәраты

▪️ Егер айтқан ғайбаты ғайбатталған адамға жетпеген болса, онда істеген ісіне шынайы өкінумен Аллаһтан кешірім тілеп, тәубе етсе жеткілікті.

▪️ Егер айтқан ғайбаты ғайбатталған адамға жеткен болса, онда оның кешірімін алу үшін өзі аяқтай барып, жағдайдың бәрін түсіндіріп, шын жүректен Аллаһтан кешірім тілеп, тәубе етіп, әлгі адамның кешірімін алу¹ шарт етіледі.

▪️ Егер ғайбатталған адамға барып ол туралы ғайбат айтқандығын айтқан сәтте араларында фитна болатының білсе, онда бармайды, ғайбатталған адам үшін Аллаһу Тағаладан кешіріп тілеп, оның артынан дұға етіп, ғайбаты үшін қатты өкінуі керек². Ғайбатталған адам өмірден өткен кездегі секілді, өйткені бұндай жағдайда қайтыс болған адамның кешірім алғысы келген адам оның мирасқорларына барып кешірім сұрауы міндет емес, бәлки шын жүректен Аллаһтан кешірім тілеп және тәубе етуі керек.

▪️ Ғайбат тыңдаушы адам ғайбат күнәсынан құтылмайды, егер сол жерде ғайбатқа тілімен қарсы шықпаса; егер ғайбатқа қарсы шыққан сәтте өзіне қауіп болады деп қорықса, онда жүрегімен қарсы болады; егер ол жерден тұрып кетуге немесе ғайбатты тоқтатуға шамасы жетсе, соны істеуге міндетті. Ғайбат тыңдаушы адам ғайбат айтушылардың бірі екендігі туралы риуаят етілген және тағы бір риуаятта: «Кімде-кім бауырының абыройын ғайбаттан сақтаса, Аллаһу Тағала оны тозақ отынан құтқарады», - делінген.

¹Ғайбатталған адам кешірім сұрап келген адамды кешіруі мустахаб, бірақ уәжіп емес. Өйткені бұл өзінің ақысы. Егер кешірсе, онда үлкен сауапқа ие болып, мұсылман бауырын ақыреттегі азаптан құтқарған болады {Керісінше ғафу етіп, кеңшілік жасасын. Әлде, Аллаһтың өздеріңе кеңшілік жасағанын қаламайсыңдар ма? Аллаһ өте кешірімді, (әсіресе, мүмін құлдарына) ерекше мейірімді} («ән-Нур», 22 аят).

²Әр түні шын жүрекпен «Ықылас» және екі соңғы сүрелерін оқып, сауабын ақысы бар адамдардың рухына бағыштайды және олар үшін дұға етеуі керек (Имам әш-Шағрани, «әл-Ануар әл-Қудсия»).

Имам Әләуд-Дин ибн Мухаммад Әмин Әбидин әл-Ханафи, «әл-Һадийяту әл-Ғәләия», 461-462 бет.