Yesterday

Әшғари\матуридилер сүннит иелері

Әшғари\матуриди ақидасының сүннет иелерінің ақидасы екендігін дәлелдейтін дәлелдердің бірі – Ислам үмбетінің көпшілігі осы ақиданы ұстануы. Бұл анық ақиқатты әшғари\матуриди қарсыластарының жек көретіні сонша, олар бұл анық дәлелдерді айналып өту немесе «жоққа шығару» үшін үнемі әртүрлі «дәлелдер» ойлап табады.

Кейбір қарсыластар ашғарилер\матуридилер «әһлу сүннетке жақын» десе, басқасы: «Олар бір жағынан сүннит, басқа жағынан сүннит емес» дейді, тағы бірі: «Олар сүннит емес, бірақ егер шииттерге қарсы тараптан қарайтын болсақ, онда сүнниттер» және тағы басқа да көптеген түсініксіз мәлімдемелер жасайды.

Бұл мәлімдемелер бұл адамдардың тек бір сұраққа жауап бере алмайтынын көрсетеді, атап айтқанда: егер әшғари\матуридилер сүнниттер болмаса, онда үмбеттің көпшілігі неге осы топқа ереді? Егер әшғарилер\матуридилер сүнниттерден толықтай шығарылса, онда үмбеттің көпшілігі адасушылықта болған болып шығады. Өйткені, қазіргі псевдо-сәләфилердің тәпсір, хадис шархтары, фиқһ, грамматика немесе басқа да шариғат ғылымдарына қатысты авторлары әшғари\матуридилер жазған кітаптарға сүйенбейтін, оларға сілтеме жасамайтын бірде-бір кітап жоқ. Әшғарилер\матуридилер, өз кезегінде, псевдо-салафиттерге өте сирек сілтеме жасайды.

Әшғарилер\матуридилер өздерінің көпшілігі туралы айтқанда, псевдо-сәләфилер: «Қарапайым мұсылмандар сіздің философияңызды түсіне ме? (яғни, көпшілік надан болғандықтан сіздерге ереді демекші)» деп жауап береді. Әшғарилер\матуридилер өздерін үмбеттің көпшілігіміз десе, діни білімі жоқ қарапайым мұсылмандардың көпшілігін меңземейді. Өйткені, оларда мәзһаб жоқ: өйткені егер аймақты шииттер билесе, онда халық шиит болады; егер суннит болса, онда суннит болады. Біз ғалымдардың көпшілігі туралы айтып отырмыз.

Үмбетіміздің ғұламаларының көбі әшғарилер\матуридилер, бұл даусыз ақиқат. Оның үстіне Құранды оқудың түрлі әдіс-тәсілдері, хадис жинақтары және басқа да білім мен ғылымдар бізге жеткен иснадтардың барлығы да әшғарилер\матуридилер-сопылар арқылы жеткен және ешбір тізбекте әшғари\матуриди және сопы болмаған бірде-бір иснад жоқ.

Ұстаз Әбу Әли әл-Ханафи әл-Әшғари حفظه الله تعالى

Сілтеме: https://t.me/darulfikr/10723