July 5

«Мүмін ер мүмін әйелді жек көрмеуі керек, өйткені егер оның мінезінің бір қасиеті ұнамаса, екіншісіне риза болады».

Ол айтты: «Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Мүмін ер мүмін әйелді жек көрмеуі керек, өйткені егер оның мінезінің бір қасиеті ұнамаса, екіншісіне риза болады». Муслим.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3240) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(Ол айтты) яғни, хазіретті Әбу Һурайра айтты: («Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Мүмін ер мүмін әйелді жек көрмеуі керек) яғни, барлық жағынан түгел жек көрмесін. әл-Қади айтты: «Бұл сөз хабар түрінде келген, тыйым емес». Ән-Нәуәуи айтты: «... егер «мәрфуғ» риуаят түрінде келсе, онда «хабар стиліндегі тыйым» болып есептеледі, яғни «жек көрмесін» деген мағынада», (өйткені егер оның мінезінің бір қасиеті ұнамаса) – мінез-құлқының бір қырын, сипатын жақтырмаса, (екіншісіне риза болады) яғни, яғни, басқа жақсы қасиетін табар. Әл-Қади айтты: «"Жек көрмесін" деген сөз – тыйым мағынасындағы "болмайды" деген сөз. Яғни, ер кісі әйелінде ұнамсыз нәрсе көрсе, соны сылтау қылып оны түгел жек көруі дұрыс емес. Өйткені егер бір нәрсесін жек көрсе, басқа бір қасиетін жақсы көреді. Сол себепті бір жағымсыз мінезін, басқа жағымды мінезімен жапсын».

Бұл хадисте мынаған ишара бар: адам кемшіліксіз болмайды, әркімнің әлсіз тұстары кездеседі. Егер кісі мінсіз жанды іздесе, өмір бойы жалғыз өтеді. Ал мүмін адамның бойынан жақсы сипаттар табылмай қоймайды. Сондықтан оның игі жақтарына көңіл бөлген жөн, ал кем тұстарын кешіріп, елемеген абзал».