April 29

«Ұялудың ең абзалы - Аллаһтан ұялу...»

«Ұялудың ең абзалы - Аллаһтан ұялу, сосын күнә мен мәкруһ болмаған істерде адамдардан ұялу. Ал жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыйю мәселесінде немесе мисуәк және тайласан (сәлде сыртынан басқа орайтын мата) тағудан, киім (балағын) қысқартудан және жамалған киім киюден, жалаң аяқ жүруден, есекке мінуден, тамақтан кейін саусақ және ыдысты жалаудан, дастарқаннан жерге түскен тамақты қайтадан алып жеуден, дауыстап сәлем беру мен сәлемге жауап беруден, азан шақыру мен имамдыққа шығу сияқты сүннет амалдарды жасауда адамдардан ұялу - бұл шариғатымызда қатты жазғырылған ұялу болып табылады. Бұның негізгі ақиқаты - қорқақтық, дінде әлсіздік немесе көз бояушылық пен тәкәппарлық! Тіпті бұл ұялу расымен адамның қарапайымдылығынан болсадағы. (Сүннет үшін) адамдардан ұялу Аллаһу Тағала мен Оның Елшісіне ﷺ қарсы дөрекілік/әдепсіздік. Аллаһу Тағала мен Оның Елшісі ﷺ адамдарға қарағанда ұялуға көбірек лайықты!

Жаратушысының, Ризықтандырушысының, Тура жолға салушысының, Құтқарушысының әмірі мен сүннетін жаратылғандардың мақтауын, разылығы мен дүниелік мақсатқа қол жеткізу үшін тәрк еткен адамның халі не болмақ?! Ол адамдардың сөгісінен қашады, бірақ үлкен азап пен (Пайғамбарымыздың ﷺ) шапағатынан мақрұм қалудан қашпайды. Бұл нәрсеге түсіп қалудан Аллаһу Тағаладан пана сұраймыз!»

Фақиһ, шейх Халил ибн Абдул-Қадир әш-Шәйбани әл-Ханафи, «әд-Дурару әл-Мубаха», 418-419 бет.