May 26

«Бейқамдар арасында Аллаһты еске алушы адам құрғап кеткен ағаштардың арасындағы жасыл ағаш сияқты».

Мәлик былай деді: «Маған Аллаһ Елшісінің ﷺ былай дегені жетті: «Бейқамдар арасында Аллаһты еске алушы адам, қашықындардың артында қалып соғысушы сияқты, бейқамдар арасында Аллаһты еске алушы адам құрғап кеткен ағаштардың арасындағы жасыл ағаш сияқты».

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 2282) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(Мәлик былай деді: «Маған Аллаһ Елшісінің ﷺ былай дегені жетті: «Бейқамдар арасында Аллаһты еске алушы адам қашқындардың) яғни, ұрыста жаудан қашқан қашықындардың (артында қалып соғысушы сияқты) яғни, кәпірлермен соғысушы сияқты, (бейқамдар арасында) яғни, (бейқам мен Аллаһты еске алушы адамның арасы) базар мен мешіт секілді (Аллаһты еске алушы адам) яғни, Пайғамбардың ﷺ мұны адамдарға оның көптеген тәуелсіз пайдасы бар үлкен іс екенін хабарлау үшін қайталады (құрғап кеткен ағаштардың арасындағы жасыл ағаш сияқты»)».

Басқа бір риуаятта: «Ағаштардың ортасындағы жасыл ағаш сияқты. Бейқамдар арасында Аллаһты еске алушы адам қараңғы үйдегі шам сияқты! Бейқамдар арасында Аллаһты еске алушы адамға Аллаһ оған тірі кезінде жәннаттағы орнын көрсетеп қояды. Бейқамдар арасында Аллаһты еске алушы адамның «сөйлейтіндер» мен «мылқаулар» санындай кешіріледі». «Сөйлейтіндер» - Адам баласы, «мылқаулар» - хайуандар. Хадисті Разин риуаят етті.

Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 2283) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«(«Ағаштардың ортасындағы жасыл ағаш сияқты) яғни, қураған ағаштардың арасындағы жасыл ағаш секілді. Мұның мағынасы, өлілер арсындағы тірі секілді. (Бейқамдар арасында Аллаһты еске алушы адам қараңғы үйдегі шам сияқты) Зікір – нұр, бар болу және қуаныш, ал бейқамдық – қараңғылық, жоқтық және қорқыныш! (Бейқамдар арасында Аллаһты еске алушы адамға Аллаһ оған тірі кезінде жәннаттағы орнын көрсетеп қояды) жәннаттағы орның мүмкін кәшф ретінде көрсетеді немесе Аллаһу Тағала айтқандай: ﴾Ал «Раббымыз Аллаһ» деп иман айтқаннан кейін (шынайы иманның талабына сай сенімде, ниетте һәм іс-әрекеттерде ақиқаттан ауытқымай) тұп-тура жолмен жүргендерге оқтын-оқтын періштелер түседі. (Сөйтіп, періштелер оларды бұл дүниеде бәле-жаладан қоритын болады, ал ақиретте достық пейіл танытып): «(Азапқа душар болмас па екенбіз деп) қорықпаңдар әрі (дүниеде біліп, білмей істеген күнәларың мен ниет етіп істей алмай кеткен игі істеріңді ойлап) мұңаймаңдар. Өздеріңе уәде етілген жаннатқа қуаныңдар!»﴿ («Фуссиләт», 30 аят) өлім аузында періштеледі түсіру арқылы көрсетеді. (Бейқамдар арасында Аллаһты еске алушы адамның «сөйлейтіндер» мен «мылқаулар» санындай) жамандықтарын жақсылықтар жойып, күнәлары (кешіріледі). («Сөйлейтіндер» - Адам баласы, «мылқаулар» - хайуандар. Хадисті Разин риуаят етті) және әл-Бәззар мен ат-Табарани өзінің «әл-Әусат» жинағында ибн Масғудтан мына сөзбен риуаят етті: ««Бейқамдар арасында Аллаһты еске алушы адам, қашықындардың артында қалып соғысушы сияқты»».