June 2

Шейх Мухаммад Атиф Ходжа әл-Искилибий رضي الله عنه

Шейх Мухаммад Атиф Қожа әл-Искилибий, оған Аллаһ разы болсын. Шейх мұсылмандарды кәпірлерге еліктеуден тыйған, сондықтан Кемал Ататүрік оны өлім жазасына кесу туралы жарлық шығарды!

1926 жылы 4 ақпанда шейх Мухаммад Атиф Қожа әл-Искилибий (1876-1926 жж.) өлім жазасына кесілгенде өте ауыр естелік болды. Ол киім мен тамақтану мәселесінде Батысқа еліктеуге тыйым салған «Франктер мен қалпаққа еліктеу» атты кітап жазғаны үшін өлтірілген түрік мұсылман ғалымы.

Түркиядағы вестернизация қозғалысының алдында ол 1924 жылы «Франктер мен қалпаққа еліктеу» атты кітап жазып, ол кітапта шариғат заңдарының орындалуын қорғап, «арақ ішу, жезөкшелік, театр, би», «батыс қалпағы» сияқты батыстық ықпалдарға қарсы шықты.

Ол батыстық қалпақтың кәпірлердің символы екенін, мұсылмандар олардан сыртқы келбетімен ерекшеленуі керектігін алға тартты. Сондықтан батыстық қалпақ кию күпірлік болып табылады деп мәлімдеді (өйткені ол кезде тақия мен сәлде киетін қоғамда тақия мен сілдені шешіп орнынан қалпақ кию, Батыс мәдениетін Исламнан жоғары екендігін мәлімдегені секілді болды. Бірақ күнімізде бұл олай емес).

1925 жылы 25 қарашада батыс қалпағынан басқа ешнәрсе киюге болмайтындығы туралы «Бөрік заңы» қабылданғаннан кейін (осылайша тақия мен сәлде киюге тыйым салынған) бірнеше уәлаятта көтеріліс басталып, оны кейбіреулер «қалпақ төңкерісі» деп те атаған. Шейх Мухаммад Атиф көтерілістің ең көрнекті жетекшілерінің бірі болды. Үкімет көтерілісті күшпен басады.

1925 жылы 26 желтоқсанда Шейх қамауға алынып, Анкараға жіберілді, 1926 жылы 26 қаңтарда сотталады. Мемлекеттік айыптаушы үш жылға бас бостандығынан айыруды талап етті.

Сот оны келеке етіп: «Қалпақ сәлде сияқты жай ғана шүберек болса, онда қалпақ киюге қалай тыйым саласың?» - деп мазақ етеді. Шейх: «Артыңыздағы түрік туын ағылшын немесе американдық тумен ауыстыра аласыз ба? Түрік туы жай ғана мата, басқа ел тулары да жай ғана мата?», - дейді. Сот таңғалып, сотты келесі күнге қалдырды да, шейхтен босатылуын сұрап өтініш жазуын өтінеді.

Шейх өзінің түрме камерасына барып, өтініш жаза бастағанда, кенеттен оны қатты шаршау басып ұйықтап кетеді. Ол түсінде Пайғамбардың ﷺ оған: «Жақында қайтатын уақытта өз-өзіңді қорғаумен жүрсің бе?», - деп сұрағанын көреді. Ұйқысынан тұрып, қағазды жыртады да, келесі күні сотқа: «Мен өтініш жазатындай қылмыс жасаған жоқпын» дейді. Оған қатысты өлім үкімі шығарылып, 1926 жылы 4 ақпанда дарға асылады.

الشيخ محمد عاطف خوجة الإسكليپي رضي الله عنه.. حرّم تقليد الكفار فأصدر كمال أتاتورك قراراً باعدامه!.

حدث في الرابع من شباط / فبراير من عام 1926 ذكرى أليمة جدا ، عندما أعدم الشيخ محمد عاطف خوجة الإسكليپي (1876 - 1926 م) ، وهو عالم مسلم تركي جرى قتله بسبب تصنيفه كتاب «تقليد الإفرنج والقبعة»، والذي رأى فيه تحريم تقليد الغرب باللباس والأكل والشرب.

وقبل حركة التغريب في تركيا، كتب كتاباً بعنوان (مقلدو الفرنجة والقبعة) في 1924، وفيه دافع عن تطبيق الشريعة وعارض ما أسماه التأثيرات الغربية مثل "الكحول والدعارة والمسرح والرقص" و "القبعة الغربية".

فقال أن القبعة الغربية كانت رمزاً للكفار، وعلى المسلمين أن يميزوا أنفسهم عنهم شكلاً، ولذلك فإن ارتداء القبعة الغربية هو كفر.

وبعد تمرير "قانون القبعة" في 25 نوفمبر 1925، الذي أمر بألا يعتمر أحداً شيئاً على رأسه إلا القبعة الغربية (والذي بذلك حظر ارتداء الطربوش)، اندلعت ثورة في بعض المحافظات، سماها البعض "ثورة القبعة"، وكان محمد عاطف من أبرز قادتها. وقد أخمدتها الحكومة بالقوة.

وقد ألقي القبض عليه وأُرسِل إلى أنقرة في 26 ديسمبر 1925 حيث حوكم في 26 يناير 1926. وطلب المدعي العام حبسه ثلاث سنوات.

استهزأ به القاضي قائلا: كيف تحرم لبس القبعة وهي مجرد قماش مثلها مثل الطربوش؟ فرد عليه الشيخ قائلا: أيمكنك أن تستبدل علم تركيا الذي خلفك بعلم بريطانيا أو أمريكا؟ فهذا قماش وهذا قماش؟ فبهت القاضي ، فأجـّل المحاكمة لليوم التالي، وطلب من الشيخ أن يكتب في محبسه دفاعاً عن نفسه.

وعندما ذهب الشيخ إلى محبسه وبدأ يكتب الدفاع فنام من شدة التعب والاجهاد فرأى في منامه سيدنا محمد صلى الله عليه وسلم يقول له: "أتشتغل بالدفاع عن نفسك وأنت سوف تأتينا قريبا؟".

فقام من نومه ومزق الورقة ، وفي اليوم التالي قال للقاضي أنا لم أذنب حتي أكتب دفاعاً. فصدر حكماً بإعدامه وأُعدِم شنقاً في 4 فبراير 1926.