«Саған не болды, Айша? Қызғандың ба?»
Айша анамыздан, Аллаһ одан разы болсын: «Бірде Аллаһ Елшісі ﷺ түнде менің қасымнан шығып кетті. Мен (оны) қатты қызғана бастадым. Ол қайтып келгенде, мені көріп: «Саған не болды, Айша? Қызғандың ба?» – деді. Мен: «Мендей жан, сендей адамды қызғанбағанда, кім қызғанады?!» – дедім. Сонда Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Саған шайтаның келген», – деді. Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Менің қасымда шайтан бар ма?» – дедім. Ол ﷺ: «Иә», – деді. Мен: «Сенің қасында ше, уа, Аллаһтың Елшісі?» – деп сұрадым. Сонда Ол ﷺ: «Иә, бірақ Аллаһ маған оны мойынсұндырды, – деді». Хадисті Муслим жеткізді.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3323) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(«Бірде Аллаһ Елшісі ﷺ түнде) түннің бір мезгілінде (менің қасымнан шығып кетті. Мен (оны) қатты қызғана бастадым) яғни оның менен кетуіне қызғанып, іс-әрекетім өзгеріп, кейпім бұзылды. (Ол қайтып келгенде, мені көріп: «Саған не болды, Айша? Қызғандың ба?» – деді. Мен: «Мендей жан, сендей адамды қызғанбағанда, кім қызғанады?!» – дедім) яғни, мендей махаббатқа ие жан – сен сияқты пайғамбарлық және Аллаһтың алдындағы дәрежесі бар адамды қызғанбауы мүмкін бе, әрі оның (яғни, Айша анамыздың) бәсекелестері бар, оның үстіне дәл осындай түн уақытында менің қасымнан шығып бара жатса?». ( Сонда Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Саған шайтаның келген», – деді) бұл – Жабир ибн Атик жеткізген: «Аллаһтың жек көретін қызғанышы – негізсіз қызғаныш» деген хадсике ишара. Яғни, «қалай сен маған сен осылай күмәнмен қарап, маған әділетсіздік жасайды деп қорасың?», яғни, бұл қызғаныштың орны емес. (Мен: «Уа, Аллаһтың Елшісі! Менің қасымда шайтан бар ма?» – дедім) яғни, мен – сенің қамқорлығыңда, қарауыңда жүрсемде ме? ( Ол ﷺ: «Иә», – деді. Мен: «Сенің қасында ше уа, Аллаһтың Елшісі?» – деп сұрадым) яғни, сен – таңдаулы құлдардың сұлтаны бола тұра, саған да шайтан ілеседі ме? (Сонда Ол ﷺ: «Иә, бірақ Аллаһ маған) яғни, Аллаһ маған шайтаннан ерекше қорғау берді. Аллаһу Тағала айтқандай: ﴾Менің (ықыласты һәм Маған толық мойынсұнған) құлдарыма сенің ешқандай ықпалың жүрмейді﴿, (оны мойынсұндырды, – деді») егер «أسلم» есімдік осы/келер шақтағы бірінші жақта (яғни, мен: «أَسْلَمُ») болса – «мен оның азғыруынан аман қалдым» немесе егер «أسلم» өткен шақтағы үшінші жақ есімдік (яғни, ол: «أَسْلَمَ») болса – «шайтан маған мойынсұнды, маған зиян тигізбейді» деген мағына береді».