«Егер біреуге сәжде жасауды бұйыратын болсам, әйелге еріне сәжде жасауға бұйырар едім».
Хазіретті Әбу Һурайра риуаят еткен хадисте: Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Егер біреуге сәжде жасауды бұйыратын болсам, әйелге еріне сәжде жасауға бұйырар едім». Хадисті әт-Термизи жеткізді.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 3255) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Егер біреуге сәжде жасауды бұйыратын болсам) сәжде – мойынсұнудың кемелдігі, (әйелге еріне сәжде жасауға бұйырар едім») яғни, әйелдің өз күйеуінің алдында көптеген құқтары мен оған алғыс айта алмау себебінен. Бұл әйелдің күйеуіне мойынсұну парызын әсірелеу болып табылады, өйткені сәжде Аллаһтан басқа ешкімге рұқсат етілмейді. Қадихан айтты: «Егер адам сұлтанға сәжде қылса және оның ниеті оған құлшылық қылу емес, оған тағзым және сәлем беру болса, онда бұл күпірлік емес¹. Өйткені сәжденің асылы періштелердің Адам атаға және Жүсіп, оларға Аллаһтың сәлемі бослын, пайғамбардың бауырларының оған сәжде етуі²»».
¹Бұл жерде күпірлік емес деген, автоматты түрде рұқсат дегенді білдірмейді.
²Олардың шариғатында рұқсат болған, кейін біздің шариғатта бұған тыйым салынған.