Имам Зәәдә әл-Ханафи رحمه الله تعالى
Ол – Мухаммад ибн Әбу Бәкр ибн әл-Фадл ибн Ибраһим, Әбу әл-Мәхасин әш-Шарғи. Лақабы – Рукнул-Ислам («Исламның тірегі»), ал халық арасында Имам Зәәдә әл-Ханафи деген атпен танылған. Ол – мурабби, уағызшы, пәтуа беруші әрі Бұхара қаласының муфтиі болған.
Ол һижраның 491 жылы өзінің туған жері Шарғ ауылында дүниеге келген. Бұл ауыл Бұхараның маңында, Самарқанд жолының бойында орналасқан. Кейбір деректерде оның атауы Жарғ деп те айтылады.
Ілімді мына ұлы ғұлама имамдардан алған:
- Имам Әбу Бәкр Мухаммад ибн Абдуллаһ ибн Фаил әс-Сарахкати;
- Имам Әбу әл-Фадл Бәкр ибн Мухаммад ибн Әли әр-Ранжари;
- Имам Әбу Ахмад Мухаммад ибн Әбу Сәһл ибн Әбу Исхақ әл-Ғаттаби;
- Имам Әбу әл-Қасым Әли ибн Ахмад ибн Исмаил әл-Кәлабәзи.
Сондай-ақ, пікірталас (хиләф) ілімін Рида әд-Дин ән-Нәйсабуриден меңгерген.
Ал тасаууф жолын Хожа Юсуф әл-Хамаданиден үйренген.
Одан фиқһ ілімін үйренгендердің қатарында:
- Ғұлама Имам Бурһанул-Ислам әз-Зарнужи – «Тағлим әл-Мутағаллим» кітабының авторы;
- Өз заманындағы ханафилердің шейхы Имам Абдуллаһ ибн Ибраһим әл-Махбуби әл-Бухари;
- Ғұлама фақиһ, «Имамдардың күні» деген лақаппен танылған Имам Мухаммад ибн Абдус-Саттар әл-Курдари әл-Ханафи;
- және басқа да көптеген ғалымдар бар.
Имам Әбу Сағд әс-Самғани өзінің «Әл-Әнсәб» атты еңбегінде:
«Мен одан Бұхарада аз ғана мөлшерде (хадис пен ілім) жазып алдым», – деген.
Ғалымдардың ол туралы пікірлері:
«Ол – ардақты имам, көрнекті фақиһ, насихатшы, әдебиетші әрі ақын, тақуа, көркем мінезді, діндар және ізгі адамдардың бірі еді», – деген.
«Ол Бұхарада пәтуа берген, әдебиетке жетік, кемел имам болатын. Сөзі анық әрі шешен, ойын кеңінен жеткізе білетін, жазуы өте мұқият еді. Халыққа уағыз айтып, сопылық ілімдерден де сөз қозғайтын», – деген.
Сондай-ақ Қажы Халифа «Фаслу әл-Хитаб» кітабынан мына сөзді жеткізеді:
«Ол – «әл-Һидая» кітабының авторының замандастарының бірі болған».
Имам Әбу Сағд әс-Самғани – Имам Зәдәнің өмірбаянына кейінгі ғалымдардың көпшілігі сүйенген негізгі дереккөз. Алайда ол Имам Зәдәнің ешбір еңбегін атамаған.
Ал имам Абдулқадир әл-Қураши «әл-Жәуәһир әл-Мудия» еңбегінде:
«Мен оның көптеген пайдалы мәліметтерге толы, өте құнды «Ширғату әл-Ислам» атты бір томдық кітабын көрдім», – дейді.
Қажы Халифа «Сулләм әл-Уусул илә Табақат әл-Фухул» атты еңбегінде «Фаслу әл-Хитаб» кітабынан мына сөзді жеткізеді:
«Оның «Уқуд әл-Ақаид» атты кітабы бар. Кітаптың соңында: “Сынаққа ұшыраған үмметтің (һижрадан кейін) бес жүз алпыс жылы өтті”, – деп жазылған».
Сондай-ақ ол «Һәдиятул-Ғарифин» еңбегінде:
««Уқуд әл-Ақаид фи Фунун әл-Фәуәид». Мысырдағы қолжазба нұсқасында бұл шығарма «Жәуәһир Уқуд әл-Ақаид» деп аталған әрі өлең түрінде жазылған», – дейді.
Қолжазбалардың бірінде бұл еңбек:
«Уқуд манзума мин сунан Сәййид әл-Мурсалин» («Елшілердің мырзасының ﷺ сүннеттерінен құралған өлең жолдары»)
деп аталған. Бұл атау «Ширғату әл-Ислам» кітабының кіріспесінде келген мәліметке де сәйкес келеді.
«Мирқат әл-Мубтадиин шарх Уқуд әл-Жәуәһир»
деп аталған. Оның авторы – Хамид ибн Әйюб әл-Қураши.
«Мирқат әл-Мубтадиин уә Ниһаят әл-Мунтаһин шарх әл-Жәуәһир фи Усул әд-Дин»
деп аталады. Бұл еңбектің де Имам Зәдәнің шығармасына жазылған түсіндірме екені айтылған.
Қажы Халифа «Кәшф әз-Зунун» еңбегінде:
«Бұл – “Ширғату әл-Ислам” кітабының авторы, Имам Зәдәһ деген атпен танылған Мухаммад ибн Әбу Бәкр әл-Бухаридің еңбегі. Ол оны һижраның 560 жылы аяқтаған», – дейді.
Автордың өзі бұл жерде мынадай ескерту жасайды:
«Имам Зәдәнің лақабы – Рукнул-Ислам («Исламның тірегі»), “Садидуд-Дин” емес».
Қажы Халифаның айтуынша, Имам Зәдә (Аллаһ оны рақымына бөлесін) һижраның 573 жылы қайтыс болған.