January 7

Христиандарды мерекелерімен құттықтау мен тойлаудың үкімі және құттықтауға рұқсат еткендерге қарсы жауап.

Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһың атымен бастаймын!

СҰРАҚ:

Христиандарды мерекелерімен, әсіресе әр жылдың 12/25 күні құттықтаудың шариғи үкімі қандай?

ЖАУАП:

Біз олардың діндерін мойындаймыз, бірақ сонымен қатар біз олардың сенімдерінде және мерекелеріне сөзбен де, іспен де еліктемеуге бұйырылдық. Өйткені бұл оларға ұқсау болып есептеледі: Пайғамбар ﷺ: «Кімде-кім қандайда бір қауымға ұқсайтын болса, ол солардан», - деді.

Олардың ғибадаттарының арасында Қантардың 25 күні тойлайтын мерекелері бар. Исаға пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі болсын, түсірілген Інжілден өздерінің бұрмаланған рәсімдерін орындайды: Иса пайғамбар көкке көтерілгеннен кейін оны Құдайлық үштің бірі, айқышты (крестті) сенім ретінде қабылдау және Иса пайғамбар өлтіріліп, кейін айқышқа шегеленгеніне сенеді.

Құттықтау - бұл олардың осы күні істеп жатқан істерін және бұл күн расымен мейрам екенін мойындау, ал Ислам діні бойынша айт ғибадаттан (мысалы, айт намазынан) кейін келеді немесе ғибадаттың өзін қамтиды.

Ислам Ораза айт пен Құрбан айттан басқа барлық мерекелердің жойды, ал жұма күніне айт деген сөз жалпылама қолданылады. Өйткені хазіретті Омар яһудейдің айтқан сөзін теріске шығарған жоқ: «Кітаптарыңда сіздер оқитын бір аят бар, егер бұл бұл аят бізге түссе біз ол күнді мереке етіп алар едік. Хазіретті Омар: «Қандай аят?», деді. Яһуди: {Міне, бүгін діндеріңді кемеліне жеткіздім, сендерге деген нығметімді тамамдадым және сендер үшін дін ретінде Исламды таңдадым} («әл-Мәида», 3 аят). Хазіретті Омар айтты: «Біз бұл аяттың Пайғамбарға ﷺ қай күні және қай жерде түскенін білеміз. Пайғамбар ﷺ жұма күні Арапада тұрған кезде. Бұл екі күн бізде мейрам», деді.

Сондықтан діни және мемлекеттік мерекелерге «айт» деген сөз қолдануға болмайды, бәлки еске алу күні дейміз, сол себепті біз мәулітті Пайғамбардың ﷺ дүниеге келуін зікір ету деп атаймыз, «айт» емес.

Мәуліт күні құттықтауға болмайды. Өйткені құттықтау айтты білдіреді, ал біз үшін айт – ғибадат, ал туған күн болса – ғибадат емес, керісінше, Пайғамбарға ﷺ жақсы танып, оған еруіміз үшін оның ﷺ өмірбаяның, өнегелілігі мен халықты дінге шақырудағы шыдамдылығын еске аламыз, болды.

Ал христиандарға келетін болсақ: сол күні мейрам екенін мойындауды білдіретін сөздерді қолдануға болмайды, мысалы: Жаңа жыл құтты болсын, Аллаһ күндеріңізге береке берсін, мейрам мубарак болсын және сол сияқты сөздер. Егер олар үшін дұға етсеңіз, онда мерекені мойындау деп түсінуге болмайтын сөздермен айту керек, мысалы: өміріңізді ұзақ етсін, Аллаһ амандығын берсін, Аллаһ саған тура жол нәсіп етсін, шипасын берсін және т.б.

Олардың біреуі қайтыс болған туыстарына дұғасыз көңіл айту және «әссәләәмуәлейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ» сөзінен басқа сөзбен сәлем беру, Аллаһ атымен бауыздаған малдарын жеу, оларды қонақ қылу, дініміз харам еткеннен басқасынан басқа тамақта олармен бірге тамақтану, оларды зиярат ету, кедейлеріне зекеттен басқа садақа беру рұқсат болғаны секілді. Бірақ олардың ғибадаттарын мойындауды білдіретін сөздерде немесе әрекеттерде олармен мәміле жасамаймыз, өйткені олардың мерекелері олар үшін ғибадат болып табылады.

Мен біреудің - аты аталмаған - христиандарды мерекелерімен құттықтауға болады деп пәтуа бергенін көрдім.

Айтарым, олардың қате пәтуасы үш себептің бірімен болған:

1 – Муфтидің фиқһ ғылымында, әсіресе фиқһ әл-муқарана (салыстырмалы фиқһ) да терең білімі жоқ, сондықтан ол өз қалауы мен ақыл-ойынан жауап беруге мәжбүр.

2 - Оның фиқһ білімі бар, бірақ болып жатқан нәрсенің шындығын және оның салдарын түсінбейді.

3 - Немесе ол Аллаһтың қаһарына ұшырап, жұмсақ муфти, экстремист\радикал емес деп сипатталуы үшін қоғамды разы ету мақсатында солай істейді.

Ол муфти келесіге негізделіп, соны өзінің пәтуасына дәлел ретінде алады:

1- Ол былай дейді: «Бұл шешімнің асылы рұқсат» – яғни, фиқһтағы негізгі ереже «әр нәрсе асылында рұқсат етілген» болып табылады: сөздер мен іс-әрекеттер, материалдық мұқтаждықтар, – шариғатта анық тыйым салған шешім келгенге дейін - рұқсат.

Мен айтамын: Бұл ереже дінсіздерді мейрамдарымен құттықтауға қолданылмайды. Өйткені оны рұқсаттан шығаратын тыйым келген, бұл Ислам құптамайтын мерекені мойындау. Өйткені Ислам олардың құлшылықтарының көпшілігін жойды.

2- Христиандарды құттықтауға рұқсат беретін адам былай деп айтады: «Мұсылман оларды құттықтау арқылы олардың дінін мойындауды көздемейді». Мен айтамын: «Бұл күнді олардың мерекелерімен құттықтауы оның бұл күнді құттықтауды қажет ететін мереке екенін мойындау емес пе?!».

3- Және олар дәлел ретінде асыл аятты келтірді: {Аллаһ сендерді өздеріңмен дін үшін соғыспаған және өз атамекендеріңнен қумағандарға жақсылық жасаудан һәм оларға барынша әділ болудан тыймайды. Шүбәсіз, Алла әділдікке, адам құқығына ерекше мән беретіндерді жақсы көреді} («әл-Мумтахина», 8 аят). Құттықтау - оларға мейірімділік пен әділеттілік дейді.

Мен: «Иә, оларға әділ бол және оларды материалдық мәселелерде құрметте» деймін. Бірақ олардың ғибадаттарын мойындау жақсылық\әділ болу емес. Кімде-кім олармен бірге шіркеуге барса және олардың мессасына қатысса, олар мұны өздеріне жасалған жақсылық деп санайды және Мәсіх өлтірілді деп айтуда олар үшін жақсылық деп саналады. Енді біз бұл амалдарды олар үшін жақсылық пен әділдікке қосуымыз керек пе?!

4- Олар Пайғамбардың ﷺ Мәдинаға келгенінде яһудилермен одақтас болғанын дәлел етеді. Мен былай деп қарсы жауап беремін: «Бұл мәселеге оларды мейрамдарымен құттықтауға қатысы жоқ. Олармен бейбітшілік және соғыспау туралы келісім, егер олар басқыншы және агрессор болмаса, шариғатты заңды нәрсе, бірақ олардың мейрамдарын мойындайтын құттықтау мен олармен соғыспай бейбітшілік келісімін құру екеуі екі бөлек нәрсе ғой?!

5 – Олармен дастарқандас болу, олардың әйелдеріне үйлену, оларға мейірімді болуды дәлел ретінде келтірді. Мен оларға айтамын: «Иә, сен олармен бірге араласасын, өйткені бұл дүниелік істер және бұл туралы шариғатта анық сөздер келген. Енді бұл мәселенің олардың ғибадаттары мен сенімдеріне қандай қатысы бар?!».

Соңында айтарым: «Олар елімізді басып алып, бізбен соғыспаса және өзара келісімге қиянат жасамайынша, оларға мейірімділік танытамыз.

Бірақ біз олардың ғибадаттары мен мерекелерін қолдайтын кез келген сөзден аулақ боламыз.

Олармен қарым-қатынас жасау үшін олардың мерекелерінің ерекшелігін білдірмейтін сөйлесудің тәсілдері бар.

Христиандарды құттықтауға рұқсат деп пәтуа беретін бауырларға айтарым: «Аллаһтың разылығын алу мен тақуалық таныту - Оның ашуын тудырып халықты разы етуден жақсы».

Және оларға еліктеулерінің ішінде: жыл сайын 1-ші қаңтарға қараған түні (яғни, жаңа жыл) мерекелерде, киім-кешектерде, басылымдарда және тағы басқасында, әсіресе ислам қоғамындағы үлкен кедейлік жағдайында ысырапшылдық. Халық сол түнде сән-салтанатқа жұмсайтын сомаға және әйелдер мен ерлер аралас өтетін мерекеге кететін ақшаға аса мұқтаж.

Мен (һиджра жаңа жылын) мойындамасам да, неліктен мұсылмандар әдетте мұсылман еместер қамданатын жаңа-жыл секілді Мухаррамның 1-ші күніне аса мән бермейді?

Тауфиқ Аллаһтан.

Шейх Абдул-Мәлик Абдур-Рахман әс-Сағди әл-Ханафи ан-Нақшбанди.

Һиджра жыл санауы бойынша 1438 жыл, Рабиғу әл-Әууәлдің 27-і.

2012\12\27.

Осы мәселеге қатысты саған өткен ізгілерден болған фақиһтердің сөздерін келтіремін:

ұлама ибн Хаджар әл-Һайтами әш-Шәфиғи «әл-Фәтәуә әл-фиқһия әл-кубра» (4\238-239) кітабында айтты: «Ең жиіркенішті бидғаттардың бірі – мұсылмандардың христиандық мерекелерге қатысуы және олардың тағамдарын әзірлеуде, оларға сыйлық беруде және мерекелерінде олардың сыйлықтарын қабылдауда оларға еліктеу арқылы көрінеді. Басқаларға қарағанда бұған көп көңіл бөлетін мысырлықтар. Аллаһ Елшісі ﷺ: «Кімде-кім қандайда бір қауымға ұқсайтын болса, ол солардан», - деген. Бәлки ибн Хадж айтты: «Мұсылман үшін христиандардың мейрамдарына оларға пайда беретін бір нәрсе сату рұқсат емес: ет, дәмдеуіш, киім. Және олардың мерекелерінде еш нәрсемен көмектеспейді, тіпті (зат тасымалдау үшін) жануар берумен де. Өйткені бұл олардың күпірлігіне жәрдемдесу».