Адам қайтыс болған үй иелерінің қонақ күтулері мәкруһ
«Адам қайтыс болған үйде тамақтану мәкруһ, өйткені дастарқан қуанышта жайылады, қайғыда емес. Адам қайтыс болған үйде дастарқан жайылу жиіркенішті бидғат. Имам Ахмад, ибн Маджа хазіретті Джабир ибн Абдуллаһтан сахих иснадпен риуаят еткен хадисте: «Біз (надандық дәуірді) адам қайтыс болған үйде жиналып, көңіл айту ретінде ас әзірлейтінбіз».
«Әл-Бәззәзия» кітабында: «(Адам қайтыс болған үйде) бірінші, екінші, үшінші және жетісінде дастарқан жаю, белгілі бір күндері асты зиратқа апару, Құран оқу үшін қонақ шақыру, тақуалар мен қариларды Құран хатым үшін немесе «Әнғам», «Ықылас» сүрелерін оқу үшін үйге шақыру мәкруһ».
Түйін: Құран оқыған кезде ас жеу үшін дастарқан жаю мәкруһ.
«Әл-Бәззәзия» кітабында: «Пақыр-кедейлерге ас беру жақыс істерден».
«Әл-Миғрадж» кітабында бұл мәселені ашықтап айтты: «Бұл амалдардың барлығы (адам қайтыс болған үйде ас жеу/дастарқан жаю) атақ-абырой мен көзбояушылық. Бұл істерден алыс болу керек, өйткені олар Аллаһ разылығын қаламайды».
Көңіл айтып келген адамдар үшін отыруда әбестік жоқ, өйткені бұл абзал іске қайшы келу (яғни, көңіл айтып келген адамдар үшін отырмаған абзал). «Әл-Муния» түсіндірмесі мен «әл-Ихкам» кітаптары «Хазанату әл-Фәтәуә» кітабынан жеткізгендей: «Ер адамдар көңіл айтып келген адамдарды күтіп үш күн отыруға рұқсат бар, бірақ әйелдерге мүлдем отыруға болмайды».
Көңіл айтуды жерлеп болғаннан кейін айтқан абзал, алдын емес. Өйткені мәйіт жерленбес бұрын марқұмның туыстары мәйітті жерлеуге дайындықпен әлек болады және марқұмды сағыну оны жерлегенннен кейін қаттырақ болады. Бұл егер марқұмның туыстары қатты қайғырып жатпаса ғана, әйтпесе олардың жүректеріне тыныштық беру үшін жерлеу алдын айтқан абзал. «Әл-Джауһара» кітабынан.
(Егер жоғарыда айтқан себеп болмаса, онда) жерлеп болғаннан кейін көңіл айту мәкруһ, бұл мәкруһ тәнзиһ болу керек, өйткені (мәйітті жерлеп болғаннан кейін жүрегі тынышталып жатқан уақытта) қайғысын есіне түсіріп қайғыны жаңарту болып табылады.
Бірақ (қайғы болған сәтте) ауылда болмаған адамның мәйітті жерлеп болғаннан кейін марқұмдарға барып көңіл айтуы мәкруһ емес. Яғни, көңіл айтушы немесе көңіл айтылатын мәйіттің туыстары ауылда болмау себепті көңіл айтылмай қалып, жерлеп болғаннан кейін барып көңіл айтуда әбестік жоқ. «Әл-Джауһара» кітабынан.
Мен (ибн Әбидин) айтамын: «Және сол сияқты, ауылда бола тұра, бірақ көңіл айтатын үйді білмеу себепті көңіл айтуды кешіктірген адам да қайғы сәтінде көңіл айтып бара алмаған ауылда болмаған адам секілді».
Екінші рет көңіл айту мәкруһ. «Ат-Татархания» кітабында: «Көңіл айтқан адам екінші рет көңіл айтпағаны жөн. Солай әл-Хасан Әбу Ханифадан риуаят етті». «Әл-Имдад» кітабынан.
Және (жерлеп болғаннан кейін) қабір басында көңіл айту мәкруһ. «Әл-Халбә» кітабында айтты: «Ибн Шәһин Ибраһимнен келтірген хабар осыны растайды: «Қабір басында көңіл айту бидғат» (яғни, көңіл айтуды қабір басында ұйымдастыру, ал егер қабір басында кездесіп қалып көңіл айтса, проблема жоқ).
Мен (ибн Әбидин) айтамын: «Қабір басында көңіл айтуды қайтарудың себебі, өйткені (мәйітті жерлеп болғаннан кейін) қабір басында мәйіт үшін Құран оқу, дұға ету бекітілген».
Көңіл айтып келген адамдарды күтіп есік алдында отыру да мәкруһ. «Аз-Заһирия» кітабында: «Көңіл айтып келген адамдары күтіп есік алдында отыру мәкруһ, өйткені тыйым салынған надандық дәуірдің әдеті. Және ең жиіркеніштісі парсы елдеріндегі көңіл айтып келген адамдарға кілем төсеу, жол жиегінде тұру секілді амалдар»».
(Көңіл айтып келген адам марқұмның туыстарына:) «Аллаһ сауабыңды арттырсын»: Яғни, сауап пен дәрежеңді арттырсын; «жұбанышыңды жақсы қылсын»: Яғни, жұбанышыңды, сабырыңды жақсы қылсын; «және өмірден өткен адамды кешірсін», - дейді. Бұл егер қайтыс болған адам шариғат үкімдері жүктелген адам болса, ал егер қайтыс болған адам (жынды немесе сәби секілді) шариғат үкімдері жүктелмеген адамдар болса, «және өмірден өткен адамды кешірсін» деп айтпайды. «Әл-Муниа» кітабынан.
Шәфиғилердің кітаптарында: «Мұсылман кәпір үшін: «Аллаһ сауабың мен сабырыңды арттырсын», ал кәпір мұсылман үшін: «Аллаһ өлген адамыңды кешіріп, саған жақсы жұбаныш берсін» деп көңіл айтады».