August 4

«Жиһад – амалдардың шыңы».

Хазіретті Әбу Һурайра риуаят еткен хадисте айтты:

«Бірде Аллаһ Елшісі ﷺ: – Қай амал ең абзал? Немесе: Қай амал ең қайырлы? – деп сұралды. Ол ﷺ: – «Аллаһқа және Оның Елшісіне иман келтіру», – деп жауап берді. – Одан кейін қандай амал? – делінді. Ол ﷺ: – «Жиһад – амалдардың шыңы», – деді. – Одан кейін ше, уа Аллаһ Елшісі ﷺ? – делінді. Ол ﷺ: – «Одан кейін – қабыл болған қажылық», – деп жауап берді».

Имам Тирмизи айтты: «Бұл хадис – хасан сахих. Бұл хадис Әбу Һурайрадан бірнеше жолмен риуаят етілген».


Муфти Асғар Әли ар-Раббани әл-Ханафи «Джәмиғу әт-Термизи уә әл-мәзһәб әл-Ханафи» (6\264) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:

«Бұл хадиспен Аллаһқа және Оның Елшісіне иман келтіру, Аллаһ жолындағы жиһад, және қабыл болған қажылық – ең абзал амалдар саналатыны бекітілді.

Бұл хадиспен: иманнан кейінгі ең абзал амал – жиһад екені анықталды. Иманнан кейін жиһад қалайша ең абзал амал болмасқа?! Себебі онда адам ең қымбат нәрсесін – өзінің жанын – Аллаһ разылығы үшін пида ету және Аллаһу Тағаланың разылығына ұмтылып аса ауыр машақаттарға кіру бар».


«Фатхул-Қадир» (5\187) кітабында айтты:

«Жиһадтың артықшылығы өте ұлы. Қалай ұлы болмасын?! Өйткені жиһадта адам өзіне ең сүйікті болған нәрсесін – яғни өзінің жанын – (Аллаһу Тағаланың разылығы үшін) құрбан етеді, сондай-ақ Аллаһқа жақындау мақсатында аса ауыр машақаттарға төзеді. Бірақ одан да қиын нәрсе – нәпсіні үнемі бойсұнып тұруға, құлшылықта сергек болуға және еріншектіктен сақтауға мәжбүр ету, сондай-ақ нәпсінің қалауларынан тыйылу. Сондықтан да Пайғамбар ﷺ: «Біз кіші жиһадтан (соғыстан) үлкен жиһадқа (нәпсімен күреске) қайттық», – деген.

Бұған дәлел ретінде, Аллаһ Елшісі ﷺ ибн Масғудтың хадисінде намазды уақытында оқуды артық амалдардың ішінде жиһадтан бұрын қойғаны айтылады:
– Уа, Аллаһтың Елшісі ﷺ! Қай амал ең абзал? – деп сұрадым. Ол ﷺ: – «Намазды өз уақытында оқу», – деді. – Содан кейін қайсысы? – дедім. Ол ﷺ: – «Ата-анаға жақсылық жасау», – деді. – Содан кейін қайсысы? – дедім. Ол ﷺ: – «Аллаһ жолындағы жиһад», – деді. «Егер мен одан әрі сұрасам, тағы да айтар еді», – деді ибн Масғуд». Хадисті Бухари риуаят еткен.

Сондай-ақ Әбу Һурайра риуаят еткен хадисте Аллаһ Елшісі ﷺ жиһадты иманнан кейінгі ең абзал амал етіп қойғаны да келген:
– Аллаһ Елшісі ﷺ: «Қай амал ең абзал?» – деп сұралды. Ол ﷺ: – «Аллаһқа және Оның Елшісіне иман келтіру», – деді. – «Содан кейін не?» – делінді. Ол ﷺ: – «Аллаһ жолындағы жиһад», – деді. – «Содан кейін не?» – делінді. Ол ﷺ: – «Қабыл болған қажылық», – деді». Хадисті Бухари мен Муслим риуаят етті.


Бұл хадистер сырттай қарағанда бір-біріне қарсы секілді көрінуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде бұл хадистерді әрбір сұраушының жағдайына байланысты жинауға болады: Егер сұраушы адам жиһадқа шығуға білімі және дайындығы жағынан лайықты және дайын болса, онда жиһад оған басқа амалдардан абзал болып есептеледі. Ал егер қажыр-қайраты мен мүмкіндігі жағынан қабілеті болмаса, басқа амалдар оған абзал болуы мүмкін.

Дегенмен, бұл мәселеде ойланатын жайт бар. Себебі бірінші хадисте айтылған намазды уақытылы орындау – бұл парыз амал. Ал намазды уақытында оқу – парыздың ең үлкені екендігіне ешқандай талас жоқ. Осыған байланысты, парыз намазды уақытында оқуды үнемі орындау, Аллаһ Елшісінің ﷺ: «Намазды өз уақытында оқу – ең абзал амал» деген сөзіне қарай, жиһадтан да абзал. Өйткені намаз – парыз айн (әрбір мұсылманға міндет), әрі ол күн сайын қайталанады. Жиһад болса, мұндай емес. Өйткені жиһадтың парыз болуының өзі – иман мен намазды қорғау үшін. Сондықтан жиһадтың мақсаты және абзал болуы басқа амалдар үшін (яғни, иман мен намазды қорғау үшін). Ал намаз – өздігінен абзал, өйткені мақсаттың өзі. Бұл мәселе Муғаздың хадисінде де ашық айтылған. Онда: «Мухаммадтың жаны қолында болған Аллаһқа ант етемін! Ақыреттегі дәрежеде парыз намаздан кейін Аллаһ жолындағы жиһадтай (ұлы) амал жоқ – – (сол жолда) жүздің өңі солып, аяқ шаңданып кетсе де», – делінген. Хадисті ат-Тирмизи сахих деді».