December 24, 2024

Жиһад

Имам Абдул-Ғани әл-Ғунайми әл-Майданий әл-Ханафидің «әл-Любәб фи шархи әл-Китаб» кітабында (жиһад бабы):

Жиһад
Жиһадтың тілдік мағынасы: Аллаһ жолында күш салу.
Шариғи мағынасы: Әш-Шумунниде келгендей, хақ болған дінге шақыру және қабыл етпегендермен соғысу.

Жиһадтың үкімі:
(Жиһад парыз кифая) парыз айн емес. Өйткені жалпы соғыс бұл бұзылу\қирау. Жиһад дінді асқақтатып, мұсылмандардың басына түскен әртүрлі бұзықтықтарды кетіру үшін парыз болды.

Парыз кифаяны кейбір адамдар орындаса, онда қалған адамдардың мойындарынан түседі. Ал егер орындамаса, онда барлық мұсылманға парыз айн болады. Сол себепті имам әл-Қудури ары қарай ашықтап айтты:

(Егер мұсылмандардың ішінде бір тобы Аллаһ жолында жиһад қылса, онда қалған мұсылмандардың мойнынан күнә түседі) жаназа намазы, мәйітті көму, сәлемге жауап беру секілді. Өйткені осыларды жамағаттың ішінде біреу орындаса, онда қалғандарының мойнынан күнә түседі.

• Бұл егер әлгі жиһадқа шыққан топтың күш-қуаты жеткілікті болса, ал егер жеткіліксіз болса: онда дұшпанға жақын орналасқан мұсылмандарға жеткілікті деңгейде муджаһедтерге жәрдем берулері парыз болады.

(Егер жиһадты бірде-бір мұсылман қолға алмаса), парызды тәрк еткендері үшін (барлық мұсылмандар жиһадты тәрк еткені үшін күнәкар болады).
Құран мен сүннетте жалпы бұйрық келгендіктен, (кәпірлермен соғыс жүргізу уәжіп, тіпті олар соғысты бастамаса да).

Ескертпе: жақша ішінде жазылған Имам әл-Қудуридің мәтіні. Және тағы бір ескерер жайт: басқа ғибадаттар секілді жиһадтың да өз шарттары мен рүкіндері бар: басшы, соғысқа жеткілікті күш-қуат деген секілді. Күніміздегі уаһаби-хауариждер секілді бес-алты адам бірігіп алып беталды соғыса беру керек деген сөз жоқ шариғатта.