October 12

«Уақыф» мәселесі

• Егер адам көз тірісінде және өмірден өткеннен кейін пақырлар пайда алсын деп пақырларға немесе тағы басқа қайырымдылық үшін үйін немесе бақшасын немесе жерін уақф етсе, әлгі дүниесі уақыфқа айналады және ол затты адамдар пайдаланған сайын оған сауап жазылып тұрады.

• Уақыфқа дүние қалдырушы адам уақыфқа қалған дүниені (өз мақсатымен жұмсалғанын) қадағалау үшін бір адам тағайындағаны жөн және ол адам уақыфқа қалған дүниені жұмсауға шамасы жететін әрі сенімді адам болу керек (мысалы, бір адам Аллаһ жолында жүрген студенттер тегін тұрсын деп үй қалдырса: онда ол үйде тек Аллаһ жолында жүрген студенттер тұруын қадағалап, реттеп тұратын бір адамды тағайындаған жөн. Әйтпесе болашақта ол үйге студенттерден басқа адамдар жайғасып алып, уақыфқа арналған мақсаттан тыс пайдаланып кетуі мүмкін немесе ол үй тіптен қараусыз қалуы мүмкін).

• Егер адам бір нәрсені уақыфқа қалдырса: онда ол нәрсе оның мүлкінен шығып, Аллаһу Тағаланың мүлкіне өтеді және оған уақыфтың үкімдері жүреді: ол затты сатуға, сыйлыққа беруге және оны уақыф етілген мақсаттан тыс нәрсеге пайдалануға болмайды (мысалы: бір адам суды мешітке ішу үшін уақыф қылды, енді ол суды тек сол мешіттің ішінде ішу керек және ол сумен дәрет алуғы, жуынуға болмайды).

• Мешіттен қирап түскен заттарды, мысалы тас немесе (томар секілді) ағаш және тағы сол сиқты құрылыс материалдар: оларды сол мешіттің ғимаратына (құрылыс материал ретінде) жұмсалады; егер мешіт ол материалдарды қажет қылмаса: ол материалдар мешітке керек болған уақытқа дейін сақталады немесе оларды сатып, түскен ақшасын мешіт құрылысына жұмсайды.

• Уақыф етуші адам тірі кезінде табысының барлығын немесе жартысы өзіме, өмірден өткеннен кейін пақырларға десе болады. Сонда табысы өзі тірі кезінде өзінікі, ал қайтыс болғаннан кейін пақырларға өтеді; және табысының жартысын немесе төрттен бірін балаларына, қалған жартысы пақырларға немесе тағы басқа қайырымдылық істерге.

Үмметтің данасы Шейх Ашраф Әли әт-Тәһәнәуй әл-Ханафи әл-Матуриди, «Бәһишти Зиуәр», 348 бет.