«Кімде-кім бидғат иесін құрметтесе, ол Ислам дінін қор қылуға жәрдемдесті»
Ибраһим ибн Мәйсара Пайғамбардың ﷺ былай деп айтқанын жеткізді: «Кімде-кім бидғат иесін құрметтесе, ол Ислам дінін қор қылуға жәрдемдесті» (әл-Байһақи өзінің «Шуғабу әл-Иман» кітабында риуаят етті).
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» кітабында хадистің (хадис нөмір: 189) түсіндірмесінде айтты:
«(Ибраһим ибн Мәйсара) табиғин, сенімді адам: («Кімде-кім бидғат иесін) мейлі, ол бидғатқа шақырушы болсын немесе жай жүрген бидғатшы болсын, (құрметтесе) оған құрмет көрсету немесе жәрдем беру. Ибн Хаджар айтты: «(Бидғат иесін құрметтеу) оған жиынның төрінен орын беру немесе үзірсіз оған қызмет ету». (... Ислам дінін қор қылуға жәрдемдесті) яғни, өз дінің немесе діннің кемелдігін немесе Ислам үмметің немесе сүннетті құлатуға жәрдем берді. Ат-Тиби айтты: «Бұл бидғат иелеріне қаталдық бабынан. Егер бидғатшыны құрметтеген адамның жағдайы анау болса, онда бидғатшының жағдайы қандай болмақ? Және бұл хадис кім сүннет иесін құрметтесе, ол Ислам дінін ұлықтаған болатынына және сондай-ақ, бидғат иесін сөккен адам да Ислам дінін ұлықтаған болатынына нұсқайды»».