«Сендерден біреу намазында дәреті бұзылса, мұрнын ұстасын, сосын шығып кетсін».
Айшадан (Аллаһ одан разы болсын) риуаят ектен хадисте Аллаһ Елшісі ﷺ айтты: «Сендерден біреу намазында дәреті бұзылса, мұрнын ұстасын, сосын шығып кетсін». Хадисті Әбу Дәуіт риуаят етті.
Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Масабих» (хадис нөмір: 1007) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
«(«Сендерден біреу намазында дәреті бұзылса) Ибн Хажардың нұсқаласында «намазында» емес, «намазда» деп келтірілген. Алайда асылға, дұрысталған нұсқаға қайшы келеді, (мұрнын ұстасын) – бұл бұйрық рұқсатты немесе мандубты білдіреді, (сосын шығып кетсін»).
Ат-Тыйби айтты: «Мұрнын ұстау бұйрығы – оның мұрнынан қан кеткендей көрінуі үшін. Бұл өтірікке жатпайды, керісінше, бұл – шындықты жасыру мақсатындағы ишара амал болып табылады. Бұл – шайтан адамға “адамдар не ойлайды?” деп азғырып, намаздан шықпай тұруға итермелемес үшін».
Ибн әл-Мәлик айтты: «Мұнда әдептілік таныту және оғаштықты жасыру бар. Яғни бұл – жаман көрінетін істі жақсырақ формада көрсету әрі сөгіске ұшырамау мақсатында жасалатын ишара. Мұндай әрекет рия немесе өтірікке жатпайды».
Мен (Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуриди) айтамын: «Пайғамбарымыздың ﷺ «Расында, ишарамен жеткізу – өтіріктен құтылудың бір жолы» деген сөзі бұл пікірді қуаттайды».
Сондай-ақ мына риуаят бар: «Кімде-кім Аллаһқа және ақырет күніне иман келтірсе, күмәнді жерлерде болмасын».
(Хадисті Әбу Дәуіт риуаят етті). Ал әл-Хаким сахих деп бағалап, оның Бухари мен Муслимнің шарттарына сай екенін айтқан».