Коммунистердің «ұлттық саясат» ұранымен жүргізген дінге қарсы саясаты.
«... ауылдар мен қыстақтарда әйелдер клубтары, коммунистік идеологиялық саяси-ағартушылық және мәдени-тәрбие орталықтар ашылып, үлкен тәрбие жұмыстары жүргізілуде. Шығыс әйелдерінің негізгі бөлігі ғасырлар бойы қалыптасқан құлдық пен оқшауланудың салт-дәстүрлерінен толық азат болу жолына түсті. Олар чадра мен пәрәнжіні тастап, мәдени дамудың жолында батыл алға қадам басуда. Алайда бұл жолда әлі де көптеген қиын асулар мен ауырлықтар бар, оларды еңсеру үшін одан да зор көмек қажет. Шығыс еңбекші әйелдерін түпкілікті азат ету ісінде партия мен үкімет, сондай-ақ жергілікті ұйымдар, соның ішінде пролетарлық сот, тынымсыз көмек көрсетуде. Бұл сот рулық сарқыншақтарға қарсы үздіксіз күрес жүргізіп келеді, ал олар кеңестік заң бойынша енді қылмыстық іс болып саналады. Екі әйел алу мен көп әйел алу Қылмыстық кодекс бойынша бір жылға дейінгі мәжбүрлі еңбекпен немесе мың рубльге дейінгі айыппұлмен жазаланады...».
«Национальная политика и суд», 33 бет.