Мешітте хайыз әйел мен жүніп адамның болуы рұқсат емес.
Хазіретті Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Хадисті Әбу Дәуіт риуаят еткен. Ибн Хузайма хадисті сахих деген.
Шейх Нуруд-Дин Итр әл-Ханафи өзінің әйгілі «Иғләму әл-Әнәм шарх Булуғу әл-Мәрам» (1\282) кітабында хадистің түсіндірмесінде айтты:
Кейбір ғалымдар бұл хадисті әлсіз санаған. Себебі оның риуаятшыларының бірі – Әфләт ибн Халифтің жағдайы белгісіз деген.
Алайда Ибн Хаджар әл-Әсқалани былай дейді:
«Ахмад ибн Ханбал: “Одан ешқандай кемшілік көріп тұрған жоқпын”, – деген. Ал Ибн Хузайма бұл хадисті сахих деп, Ибн әл-Қаттан хасан деп бағалаған».
Бұл хадис хайыз әйел мен жүніп адамның мешітке кіруінің немесе онда кідіріп қалуының харам екеніне дәлел болады. Өйткені хадисте оларға мешіттің «рұқсат етілмегені» айтылған. Хадисте алдымен хайыз әйелдің аталуы – оның дәретсіздік жағдайы жүніптікке қарағанда ауырлау болғандықтан. Ал нифас көрген әйелдің үкімі де хайыз әйелмен бірдей екеніне ғалымдар бірауыздан келіскен.
Хадистің сыртқы мағынасы мешітте кідіріп тұруды да, жай өтіп кетуді де қамтиды. Осы көзқарасты ханафи мен мәлики мәзһабы ұстанған. Себебі хадис мешіттің оларға жалпы түрде рұқсат еместігін білдіреді.
Ал шафиғи мен ханбали мәзһабтары мешітте кідіріп қалуды харам, ал жай ғана өтіп кетуді рұқсат деп санаған. Бұған олар Аллаһ Тағаланың мына сөзін дәлел етеді:
﴾Уа, иман келтіргендер! Мас (немесе ұйқылы-ояу) кездеріңде өздеріңнің не айтып тұрғандарыңды білетіндей естеріңді жиғанға дейін, намазға жақындамаңдар. Сондай-ақ жолаушылықты есепке алмағанда, бой дәреттерің бұзылғанда, толық жуынғанға дейін, намазға жақындамаңдар﴿ («Ниса» сүресі, 43-аят)
Олар аяттағы «жолаушылық» дегенді намаз оқылатын орындардан (мешіттен) тек өтіп кетушілер деп түсіндірген.
Ал ханафи мен мәлики ғалымдары бұл аяттағы «намаз» сөзін өз мағынасында, яғни намаздың өзі деп, ал «жолаушылық» сапарда жүрген жолаушылар деп тәпсірлеген. Бұл мәселе тәпсір кітаптарында кеңінен баяндалған.
Өкінішке қарай, қазіргі заманда көптеген адамдар бұл үкімге жеңіл қарап, заһири (Құран мен хадистің сыртқы (тура) мағынасына сүйенетін) мәзһабының ықпалымен хайыз және нифас көрген әйелдердің білім алу мақсатында мешітте отыруына болады деген пәтуалар бере бастады. Олар мұны «қазіргі заманда білім алу қажеттілігі бар» деген уәжбен ақтайды. Алайда бұл – таңғаларлық қателік. Өйткені бұрынғы мұсылмандардың білімге мұқтаждығы қазіргі адамдардан әлдеқайда күшті еді: Исламды жаңадан қабылдаушылар көп болатын, кітап табу қиын еді, оқып-жаза алатын адамдар аз еді. Ал бүгінгі күні білім жеткізудің жолдары сан алуан болып, бұрын-соңды болмаған дәрежеде жеңілдеді. Сондықтан мұндай уәжге сүйенуге негіз жоқ.