August 18

﴾Содан көп ұзамай қос бойжеткеннің біреуі ұялып келді де ...﴿.

﴾Содан көп ұзамай қос бойжеткеннің біреуі ұялып келді де: «Сізді әкем шақырып жатыр. Бізге қолұшын беріп, малымызды суарып бергеніңіз үшін ақыңызды бермек»; – деді. Мұса қыздардың әкесіне барып, басынан өткен уақиғаларды баяндап береді, ол: «Қорықпа, енді сен ол залымдардың қолынан құтылдың», – деді﴿ («әл-Қасас» сүресі, 25 аят).

Тура жолдың имамы болған Имам Әбу Мансур әл-Матуриди әл-Ханафи (һ. 333 ж.қ) - Аллаһ оған разы болын - өзінің әйгілі «Тәуиләт әһли әс-сунна» тәпсірінде аяттың түсіндірмесінде айтты:

«﴾Содан көп ұзамай қос бойжеткеннің біреуі ұялып﴿ яғни, толық жабынған, бүркенген күйі¹ ﴾келді де﴿ әдетте сыртқа шықпайтын жүріспен немесе адамдармен араласып үйренбеген адамның жүрісімен келді де²: ﴾«Сізді әкем шақырып жатыр. Бізге қолұшын беріп, малымызды суарып бергеніңіз үшін ақыңызды бермек»; – деді﴿. Бұл аят – адамға жасаған жақсылық үшін ақы алуға рұқсат екенін көрсетеді. Дегенмен, ең жақсысы – жақсылық жасаған адамға шын көңілмен сый беріп, ризашылық білдіру, ал жақсылық жасаушы үшін ең абзалы – жасаған ісі үшін ешқандай ақы алмау. Бірақ Мұса пайғамбардың жағдайында мұқтаждық қатты болғандықтан, ол ұсынылған сыйды қабылдады. Аллаһ жақсырақ біледі. ﴾Мұса қыздардың әкесіне барып, басынан өткен уақиғаларды баяндап береді﴿ яғни, Мұса екі қыздың әкесіне барып, оған өз оқиғасын баяндап бергенде, ﴾ол: «Қорықпа, енді сен ол залымдардың қолынан құтылдың», – деді﴿ ол мекенде Перғауынның ешбір билігі де, күші де болмаған. Егер онда Перғауынның үстемдігі бар болса, Мұса пайғамбардың жүрегінде бұрынғыдай қорқыныш қалар еді және ол одан құтылған болып есептелмес еді. Бұл перғауынның олар үстінен билігі болмағанын білдіреді

Бұл жердегі «залымдар» сөзі – «мүшріктер» деген мағынаны білдіруі ықтимал, өйткені әрбір мүшрік – залым. ﴾сен ол залымдардың қолынан құтылдың﴿ олар – ешбір хақысыз кісі өлтірушілер. Бұл «﴾«Уа, Раббым! Мені залым қауымнан құтқара құтқара көр»﴿ («әл-Қасас» сүресі, 21-аят) деген дұғаға да сәйкес келеді».

¹ «... яғни, бойжеткен қыз әсемденген/әшекейленген емес, жүзі жабық, бүркемеленген болды. Бір ғалымдар «жүзін қолымен жауып келген» десе, басқалары «көйлегінің жеңімен жауып келген» деді». Фақиһ Әбу әл-Ләйс әс-Самарқанди әл-Ханафи әл-Матуридидің «Бахру әл-Ғулум» тәпсірі.

²Яғни, «ол қыз көшеде жүретін арсыз қыздардың қатарынан болмады». «Тәфсир» ибн Кәсир.